2025 жылы Қазақстанда жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытындағы мемлекеттік саясат сапалық жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі заманның күрделі геосаяси жағдайы мен ақпараттық қауіп-қатерлер аясында жас буынның Отан алдындағы жауапкершілігін арттыру, ел қорғаны ретінде олардың азаматтық белсенділігін ояту – уақыт талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан нақты әрі кешенді шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жастарды əскери-патриоттық бағытта тəрбиелеу 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдама аясында жүзеге асырылып жатыр. Қорғаныс министрлігі мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысының арқасында 2025 жылы еліміздің əр өңірінде 300-ден астам əскери-патриоттық клубтар жұмыс істеп тұр. Бұл клубтарда 20 мыңнан астам мүшесі бар, олардың дені – колледж жəне мектеп оқушылары. Ақгүлім СƏЛІМКЕРЕЙ, «Айбын» əскери-патриоттық клубының мүшесі – Мен əскери киімдерге қызықтым, жаттығулар жасап жатқанда əпкелеріміз Мəншүк, Əлия, Томирис сияқты батыл болғым келді. Мен осы əскери киімді киген кезде өзімді батыр сезінемін. Себебі, əйел адам тек қана нəзік емес, ол бір қолымен бесікті, екінші қолымен əлемді тербеткен қайратты да шыдамды болуы керек деп есептеймін. Патриоттық тəрбиенің маңызды іс-шараларының бірі – дəстүрлі «Айбын» халықаралық жиыны. Биылғы «Айбын–2025» əскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысының Мəртөк ауданында өтті. Оған Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан жəне Тəжікстаннан келген 800-ден астам жас қатысты. Қатысушылар қару-жарақпен жұмыс істеу, əскери-медициналық көмек көрсету, робототехника жəне əскери IT-жобалар сияқты бағыттарда бақ сынасты. Бұл – патриотизм мен техникалық білімдерін ұштастырған жаңа буын жастарын дайындаудың жарқын мысалы. 2025 жылдың көктемінен бастап еліміздегі 3000-нан астам мектепте «Бастапқы əскери жəне техникалық дайындық» пəні жаңартылды. Сабақ барысында оқушылар əскери тəртіп, алғашқы көмек, дрондарды басқару, төтенше жағдайларда əрекет ету бойынша тəжірибелік білім алуда. Сонымен қатар «Мен – Отан қорғаушымын» атты акция аясында көптеген мектеп оқушылары əскери бөлімшелерге барып, сарбаздардың күнделікті өмірімен танысты. Қорғаныс министрлігі 2025 жылы жастармен байланыс орнату бағытында цифрлық платформаларды белсенді қолдана бастады. Instagram, TikTok, YouTube желілерінде арнайы видеожобалар іске қосылып, шынайы сарбаздардың оқиғалары, əскери өмірдің күнделікті болмысы жəне патриоттық тақырыптағы қысқаметражды фильм дер жастардың қызығушылығын арттырды. Əскери қызметтің маңыздылығы мен беделін көрсету арқылы бұл жобалар ел ішінде оң қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал етті. Одан бөлек, биыл Қазақстан Қарулы күштерімен тікелей байланысты күшейту мақсатында ашық есік күндері, əскери қызметшілермен кездесулер жəне экскурсиялар ұйымдастырылды. «Жас Сарбаз» ұйымының белсенділері əскери бөлімдерде арнайы дайындықтан өтіп, əскери өмірге бейімделуде. Бұл – жастардың қорғаныс саласына деген қызығушылығын арттырып, кəсіби бағдар берудің тиімді жолы. Сондай-ақ, көктемде 42 мыңнан астам жас азамат əскери борышын өтеуге шақырылды. Ерекше айта кетерлігі, олардың көпшілігі – ерікті түрде өтініш бергендер. Бұл – жастар арасында Отан қорғау қызметіне деген көзқарастың өзгеріп келе жатқанын көрсетеді. Əскерді тек міндет емес, елге қызмет ету жолы деп ұғынған жастар саны жыл сайын артып келеді. 2025 жыл – жастарды ұлттық рухта тəрбиелеуге баса назар аударылған жыл болды. Бейбіт күннің батырларын тəрбиелеу – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар жұмыс. Қарулы Күштердің беделін көтеру, əскери қызметті жастар үшін тартымды ету, Отан алдындағы парыздың қадірін ұғындыру – бұл саладағы басты басымдықтар. Еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың бо йындағы жауапкершілік пен отансүйгіштікке тікелей байланысты. Осы жолда мемлекет пен қоғамның бірлескен əрекеті ғана нақты нəтижеге жеткізеді.
Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»