12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Парламент Қазақстан астанасы атауын өзгертуді қолдады

Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан астанасы атауын Астана деп өзгерту «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.

«Елорда атауын өзгерту мәселесі қоғам тарапынан ұзақ уақыт бойы кеңінен талқыланып келеді. Ол кездесулер барысында, референдум кезінде азаматтар үндеуінде көтерілді. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере отырып, депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді. Елорданы қайта атау бойынша бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды. Осылайша, заң жобасы шеңберінде көзделген конституциялық новеллалар Мемлекет басшысының бастамалары мен депутаттардың ұсыныстарын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді, бұл саяси жүйеге мүлдем жаңа стандарттар қояды», — деді Парламент палаталарының бірлескен отырысында әділет министрі Қанат Мусин.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Қазақстан халқы Тұңғыш Президенттің мемлекеттілікті нығайтудағы сіңірген еңбегін жоққа шығармайтынына сендірді.

«Оның есімін елордадағы халықаралық әуежайға, бірнеше ескерткіштерге, саябақтарға, білім ошағына беру — құрмет белгісі. Халықтың басты талабы — бір кездері елордаға берілген Астана атауын қайтару», — деді ол.

Сонымен қатар, заң жобасына президенттік мерзімге жеті жылға бір рет сайлану нормасы енгізілген.

Бұған дейін елорда мәслихатында қоғамдық тыңдаулар өтіп, онда депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдаған болатын.

2 қыркүйекте Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері Астана атауын Нұр-Сұлтанға қайтаруды қолдады.

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...