spot_img
spot_img

Панфилов ауданында киім мен аяқ киім шығаратын кәсіпорын салына бастады

Алматы облысы Панфилов ауданында 4,6 млрд.теңгеге 19нысанды, оның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында 3 млрд. теңгеге 5 жобаны іске асыру көзделген.

Мысалы, Жібек жолын дамыту жөніндегі халықаралық компания жылына 450 мың бірлік аяқ киім мен киім шығаратын кәсіпорын құрылысын бастады. «КАЗ-АКВА» кәсіпорны 300 тонна балық өнімдерін және «Арыстан и Ко» тәулігіне 25 тонна жүгері дәнін кептіретін өндірісті дамытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Панфилов ауданы жүгері өндірісі бойынша — облыста бірінші орында, жүгері егістігі 26,7 мың гектарды немесе облыстағы егіс алаңының 28 пайызын құрап отыр. Жаркент крахмал-сірне зауыты тәулігіне 300 тоннаға дейін жүгері дәнін терең өңдейді, өнімнің 27 түрін шығарады. Бүгінде 250 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл ретте облыс әкімі өз орынбасары Ж.Тұяқов пен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысына аудан әкімімен бірлесіп, зауыттың қуатын арттыру шараларын қабылдап, «Даму» қоры арқылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мәселесін шешуді тапсырды.

— Ауданның тағы бір әлеуеті – бағбандық. Мұндағы бақтар алаңы 2,5 мың гектарға жетті, оның ішінде соңғы 5 жылда 223 гектарға бақ отырғызылды. «Жаркент Фрукт» ірі бағбандық шаруашылығының 1004 гектар қарқынды бағы бар. Бірақ ауданда өңдеу кәсіпорындары жоқ. Сондықтан аудан әкімі өндірістер ашу үшін инвесторлар тартуы керек, — деді Қанат Бозымбаев.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

В Кербулакской районной больнице впервые проведены высокотехнологичные операции для женщин

Кербулакская центральная районная больница сделала значимый шаг в развитии...

Сотрудники учреждения помогли собрать в школу дочь покойного ветерана УИС

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности проявили благородную...

Абай облысында мекеме қызметкерлері марқұм болған ҚАЖ ардагерінің қызын мектепке жинады

Абай облысында қауіпсіздігі төмен мекемесінің қызметкерлері игі бастама көтеріп,...

Архив туралы ереже

Қазақстан республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 08.06.2023 жылғы 6001-23-7-4/129 өкімімен...

5 қыркүйек күні – Қазақстан халқының Тілдер күні

          Қазақстан Республикасы – көпэтносты, көптілді мемлекет. Ел аумағында 130-дан...