12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Пандемия сот жұмысының сапасын төмендеткен жоқ

Міне 2020 жылдың тарих сахнасынан кетуіне де санаулы күндер қалды. Бұл жыл сот саласы үшін ізденіске, игі нәтижелерге, шиеленістер мен шегіністерге толы болды. Қалай болғанда да тұтас бір құрылымның жұмысы бір жылда тақтайдай түзу, қателіктен ада болды десек шындыққа сай келмейтіні әрине түсінікті. Сондықтан 2020 жыл судьялар үшін жаңа заңдардың қабылданып, жаңа ғимараттардың ашылуымен, коммуникация бойынша іргелі жұмыстардың жүзеге асуымен, ең бастысы төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын республика судьяларының ҮІІІ съезін өткізумен есте қалары анық. Сонымен қатар бұл жыл бізге кез келген төтенше жағдайға дайын болу қажеттігін ұқтырғандай болды.

Әлемді жаулаған коронавирус пандемиясы барлық саланың жұмыс ырғағын өзгертіп, карантиндік шектеулерге тез бейімделу қажеттігін үйретті. Балалар онлайн оқу әдісіне көшіп, құзырлы орындар қашықтан жұмыс істей бастады. Барлық мекемелерде адамдардың топтасып жұмыс істеуіне, көп адамдардың бір орталыққа жиналуына тыйым салынды. Осындай қатаң талап қойылып жатқан тұста сот саласының да ортақ тәртіпке бағынары, жұмысын соған сәйкес ұйымдастырары талассыз.

Шын мәнінде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін сот саласында кешенді жұмыстар қолға алынды. Сот отырысына келетін тараптардың қауіпсіздігін сақтап, денсаулығын қорғау мақсатында барлық сот отырыстары онлайн форматына көшті. Бүгінде сот отырыстары түгелдей қашықтан жүргізілуде. Оған судьялардың өзі де, сот мәжілісіне қатысушылар да үйренді. Әрине қиындықтар орын алмай қалған жоқ. Интернеттің әлсіздігі, азаматтардың ғаламторды пайдалана алмауы, кейбір азаматтардың жауапсыздығы сот отырыстарының өз деңгейінде өтуіне кедергісін тигізбей қалған жоқ. Соған орай сот хатшылары азаматтарға алдын ала хабарласып, сот отырыстарына дайындауды қолға алды. Соның нәтижесінде кемшілік азайды.

Ал судьялар мен сот мамандарына онлайн отырыстар өткізу айтарлықтай қиындық туғызған жоқ. Өйткені сот саласының өзі электрондық қызметті, жаңа технологияны соңғы жылдары сот жұмысына кең қолданып, соны өзгерістерді жоғары деңгейде меңгерген болатын. Бұған қоса Жоғарғы Сот тарапынан жиындар, семинар, тренингтер ұйымдастырылып, карантинге байланысты жұмысқа енгізілген өзгерістер пысықталуда. Яғни біздің бүгінгі жетістігіміз – бірліктің, ынтымақты жұмыстың нәтижесі десек шындықтан алыстамаймыз.

Жамила Арыстанова,

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...