Пандемия әлі біткен жоқ – Денсаулық сақтау министрі

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенат қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беру кезінде коронавирус пандемиясының Қазақстанда қайта өршу ықтималдығы туралы пайымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл коронавирустың жаңа штамдарының, жаңа мутациялардың туындауына байланысты. Қазір Қытайда омикрон мен «стелс-омикрон» өршіп тұр. Тәулігіне 30 мың адам ауырып жатыр. Бұл елде қатаң шаралар қабылдануда. Ол жақтағы ахуалды да бақылап отырмыз. Ай сайын вирустың бар екенін растаған сынамалардың ішінде «омикрон» мен жаңа қосалқы түрлер бар ма дегенді қадағалаймыз. Диагностика бар. Бақылап отырмыз. Егер коронавирустың қандай да бір жаңа түрі елге кірсе, ол бізде қалыптасып үлгерген ұжымдық иммунитеттің арқасында салқын тию сияқты өтуі мүмкін», — деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, ол коронавирустың жаңа штамы қаншалықты қауіпті екенін кесіп айту қиын екенін жеткізді. Айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мониторинг жүргізіп, зерттеулер жасап жатыр.

«ДДҰ басшысы әлемде ахуал әркелкі екенін айтып отыр. Бүкіл әлем әліптің артын бағуда. Пандемия әлі аяқталған жоқ», — деді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Заңы қабылданды .

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...