Пандемия кезінде 42 500 теңгеге мұқтаж жандармен қатар байығанның үстінен баий түскендер де бар. forbes.kz карантин кезінде қаражаты көбейіп, дәулеті асқандар жайлы жазыпты, деп хабарлайды malim.kz.
Сонымен, олар кімдер? Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВТЫҢ күйеу баласы Кеңес РАҚЫШЕВ бақуатты кәсіпкерлер арасындағы тізімде жетінші орынан алтыншы орынға көтерілген. Оны байлығы 280 млн долларға көбейген. Бұрын 610 млн доллары болса, қазір дәулеті 890 млн долларға артқан. Кеңес мырзаға «Fincraft Group» ЖШС мен «БТА Банк» АҚ капиталының 29 % иелік етеді.
Коронавирус қоғамды әбігерге салып жатқанда байғындарды бірі – Нұрәли ӘЛИЕВ. Тұңғыш президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тұңғыш жиені былтыр ФОРБС тізімінде ең бай бизнесмендер арасында 31 орыннан көрінген еді. Оның байлығы 219 млн доллардан 269 млн долларға жеткен. Нұрәли РАХАТҰЛЫ «Capital Holding» ЖШС-нің иесі әрі «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Darmen Holding пен Nd Capital қорының акционері.
Қазақстандағы құрылыс саласының алпауыттарының бірі Bazis-A компаниясының қожайындары үшін де пандемия кезі табысты болған екен. Әкелі-балалы Александр мен Павел БОЛОВИЧТЕР дәулеттерін қосқанда ФОРБС-тың 7-ші сатысына шығып кеткен. Әкелі-балалы құрылысшылардың байлығы 630 млн доллардан 690 млн долларға өсіп кеткен. Bazis-A компаниясы басшыларының 77 000 шаршы метрлік коммерциялық жылжымайтын мүліктері бар. Сондай-ақ Өзбекстанда 207 млн долларлық жобалары бар. Биылғы жылдың наурыз айында астанада қала ішінен қала салатындарын жариялаған еді.
BI Group құрылыс холдингінің басшысы Айдын РАҚЫМБАЕВ та пандемия кезінде қалтасын қалыңдатып алыпты. 485 млн АШҚ долларын 514 млн-ға көбейткен. Яғни карантин кезінде құрылысшы кәсіпкер 29 млн доллар пайда тапқан. 2020 жылдың сәуір айында BI Group жиырма күннің ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін стационарлар салды. Маусым айында Шымкент қаласында да салған еді. Осы үш нысанға мемлекеттік бюджеттен 14 млрд теңге бөлінген болатын.