Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да және өзге адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу болып табылады.
Осы орайда Жаңақала аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сот үкімдерімен ерікті түрде нашақорлықтан және маскүнемдіктен, сонымен қатар уытқұмарлықтан емделу ұсынылған сотталғандары Жаңақала аудандық ауруханасының психиатр-нарколог дәрігері А. Досалиевтің жеке қабылдауында болып, наркологиялық заттарды тұтынудың адам денсаулығына тигізетін зияны бойынша пайдалы кеңестер алды.
Жаңақала аудандық пробация қызметі.