12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Озық технологиялар сот ісін жаңа деңгейге көтерді

Елбасы ҚР Судьяларының V съезінде «Озық сот практикасы – бұл қазіргі заманғы сот процесінің базасына айналуы тиіс электрондық технологияға көше отырып, қағаз құжат айналымынан бас тарту» деген болатын. Одан бері де он жылдан асты. Салада тың реформалар жүргізілді. Солардың ең бастысы, уақыт пен артық шығынды талап ететін рәсімдер қысқарды. Мысалы, бұған дейін сотқа азаматтардың өздері келуі міндетті болса, қазіргі күні сот төрелігі қашықтықтан атқарылады. Азаматтар мен заңды тұлғаларға өз құқықтарын соттық қорғауды мейлінше ашық және қолжетімді іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялар енгізілді.

Жаңа өзгерістер сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңін қамтыды. Яғни, сотқа құжат тапсырудан бастап, шешім мен атқару парағын қолға алғанға дейінгі уақыты, атап айтқанда, электрондық сот істеріне ауысу, «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS хабарлама» сервистері мен «Талдау» форумы, СALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне құрылғылары, бейнеконференция және «True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру ақпараттық технологиялар қызметі, соттардың ахуалдық орталығы өз жұмысын атқаруда.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисіне келсек, ол Жоғарғы Соттың сайтында 2014 жылы іске қосылды. Осы сервис арқылы электронды цифрлы қолтаңбаға ие азаматтар сотқа талап арыз-шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режімде төлеу мүмкіндігіне ие болды. Ал, сот процестерін бақылайтын ахуалдық орталық 2017 жылы іске кірісті. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сай, елдегі барлық сот залы аудио-бейнетіркеу жүйесімен, соның ішінде, бейнебайланыс құрылғыларымен жүз пайызға жабдықталды. Азаматтардың сот қызметіне қолжетімділігі қалыптасты. Жоғарыда айтқандай, олар сот ғимаратына келмей-ақ өз құқықтарын қорғай алады.

Елімізде төтенше жағдай орын алғалы азматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпті барынша азайту мақсатында сот істері виртуалды байланыс «TrueConf», «WhatsAPP», «Zoom», «Телеграмм-Бот» мобильді қосымшалары арқылы жүргізілуде. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» 90-нан аса құжат түрін электронды түрде жолдауға мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды кеңінен қолдану сот ісін жүргізуді жетілдірудің басым бағыттарының бірі. Соттардың қызметін одан әрі автоматтандыру мен ақпараттандыру, түпкілікті нәтижеде жүргізіліп отырған құқықтық саясаттың тиімділігін арттырады. Әрі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, халықтың сотқа сенім білдіру деңгейінің өсуіне ықпал етуде.

Заманауи ақпараттық технологиялар сот қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын жан-жақты кеңейтті. Ақпараттық сервистер сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдеуде. Электрондық қызмет қағазбастылықтан арылтып, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік беруде. Қорыта айтқанда саланы жаңғырту шаралары қарқынды жүргізілуде. Бұған, әрине, заманауи электронды технологиялардың үлесі зор. Соттарды жаңа деңгейге көтеру жолындағы игі бастамалар азаматтардың әділ сот шешімдеріне әлемдік стандарттарға сай қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Индира Кумысбаева,

Түрксіб аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...