Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы № 60 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат тобының жауапты мамандары мекеме қызметкерлерінің отбасы тіршілігімен танысты. Басты мақсат: қызметкелердің жанұядағы психологиялық жай- күйін білу, тұрмыстық жағдайларына қарай, жемқорлыққа деген тәуекелдерін бағалау үшін, зерделеу жұмыстарын жүргізу болып табылды.
-Жеке құрамның отбасындағы әлеуметтік тұрмыс жағдайы мен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасының қызметкерлеріміздің күнделікті жұмыс барысындағы өз-өзін ұстап жүруіне игі әсері бар.
Өйткені адам бойындағы адамгершілік жақсы қасиеттер от басынан жылу алады.
Қызметкерлеріміздің жұмыс барысындағы психологиялық көңіл-күйінің көтеріңкі болуы біздің қауырт қызметте тым қажет.
Сондықтан, әрдайым осындай тексерістерге шығып, әр жеке құрам мүшесінің отбасы ахуалын зерделеп отырамыз.
Соның ішінде көп бала тәрбиелеп отырған Жедел бөлімнің жедел уәкілі,әділет капитаны Амантаев Сержан Сейітханұлы мен Режим және Күзет бөлімінің жедел уәкілі, әділет лейтенанты Досанов Аян Мақсатұлының үйіне барып,отбасы ошақ қасындағы тұрмыс жағдайымен танысып, жанұя жарасылымдылығының куәсі болып қайттық.
Бұдан басқа да, жеке құрам мүшелерінің үй-тұрмыс жағдайы мен ондағы психологиялық ахуалдың орнықты екендігін зерделедік – дейді,бөлім бастығы,әділет майоры Алтынбек Гүлмира.
Мен алты баланың әкесімін.Ай сайын мемлекет тарапынан алатын жеңілдіктерге иемін. Еңбек жалақым отбасымды асырауға жеткілікті. Ішкі істер органдарында қызмет еткендіктен өзімді қызметіме сай ұстап жүремін.
Отаныма адал қызмет етуді өзімнің азаматтық парызым деп санаймын- дейді, көп балалы әке Досанов Аян.
Ия, бүгінгідей қымбатшылық орын алып жатқан нарық заманында әр отбасының материялдық қиыншылықтарға тап болатыны анық.
Әйтседе, отбасындағы жандардың моральдік құндылықтары жоғары болған сайын,береке-бірлік орнап, ол жанұя бақыт мекеніне айналады.
Олай болса, Ар мен Абыройға жұмыс жасайтын № 60 мекеме жеке құрамының ешқандайда сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін іс-әрекетке жол берілмейді.
Өйткені олардың отбасындағы жағымды өмір — берік тыл болып қала бермек.


