Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылы 16 маусымда «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жөніндегі заңға қол қойылып, бүгінгі таңда ол қолданыста. Ішкі істер министрлігі тарапынан 2025 жыл «Заң мен тәртіп» жылы болып бекітілді. 13-20 қазан аралығында «Тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу» атты жедел профилактикалық іс-шара бүгінгі таңда өткізілуде.
Аталған жыл аясында Республикалық, жалпы қалалық, локальды іс-шаралар өткізілуде, атап айтсақ: «Тұрмыс», «Бақытты отбасы», «Тұрғын үй», «Бақытты ел – бақытты отбасы». Осы орайда көптеген отбасыларға заң тұрғысынан құқықтық көмек көрсетілді. Қолданыстағы заң аясында Ішкі істер министрлігі тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Ішкі істер органдарында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімдері жұмыс істейді. Ауданаралық бөлімшелер бекітілген учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, зорлық-зомбылық құрбандарына және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек түрінде көмек көрсетуде.
Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық және отбасылық) қатынастарды реттеу – отбасын қорғаудың құқықтық негіздерін айқындап, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде белгілейді.
Бүгінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта Наурызбай аудандық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері аудан тұрғындары арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Іс-шараның басты мақсаты – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарына сәйкес әрбір отбасында тыныштық пен өзара сыйластық орнату, зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Түсіндіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық салдары туралы ақпарат беріп, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу жолдарын түсіндіруде. Сонымен қатар, отбасында кикілжің туындаған жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігі жөнінде нақты нұсқаулар ұсынуда.
Наурызбай аудандық полиция басқармасы өз қызметін қоғаммен тығыз байланыста жүргізе отырып, отбасындағы бейбітшілік пен татулықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтеді. Осындай профилактикалық шаралар арқылы полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз және тату қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосуда.
Отбасы – қоғамның іргетасы. Әрбір отбасындағы татулық пен тыныштық – елдің тұрақтылығы мен берекесінің кепілі. Полиция қызметкерлері рейдтік тексерулер мен профилактикалық кездесулер барысында тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық салдары, оны болдырмау жолдары, сондай-ақ қажет жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігі жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Көптеген отбасылар арасында түсіндіру әңгімелерінің нәтижесінде жанжалдардың алдын алу мүмкіндігі артып келеді. Бұл бағытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтарға заң тұрғысынан ғана емес, психологиялық көмек алу жолдары бойынша да қолдау көрсетеді.
Қоғамдық қолдау және өзара ынтымақтастықты басшылыққа ала отырып, бөлімше қызметкерлері тек полиция басқармасы деңгейінде ғана емес, аудан әкімдігі, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдармен де тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Бірлескен шаралар барысында тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылып, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар, «Отбасы – өмірдің алтын діңгегі», «Зорлық-зомбылықсыз қоғам – жарқын болашақтың кепілі» атты акциялар мен кездесулер өткізіліп, тұрғындарға бейбіт өмір сүрудің, отбасылық ауызбіршілік пен өзара түсіністікті сақтаудың маңызы түсіндіріледі.
Отбасындағы тыныштық пен өзара құрмет – мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығының басты кепілі. Сол себепті Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыстарды тоқтатпай, қоғам мүшелерін бейбіт өмірге үндеп келеді.
Зорлық-зомбылық – мәселені шешу жолы емес. Әрбір азамат өз жауапкершілігін түсініп, дау-жанжалды заңды және мәдени тұрғыда шешуге ұмтылғанда ғана қоғамда шынайы бейбітшілік орнайды.
Отбасындағы татулық – бала тәрбиесінің бастауы, ал берекелі отбасы – мықты мемлекеттің негізі. Сондықтан Наурызбай аудандық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі тұрғындармен бірлесе отырып, зорлық-зомбылықсыз, бейбіт және үйлесімді қоғам қалыптастыру жолында өз қызметін жалғастыруда.
Наурызбай ауданы Полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы Маратқызы Айнұр.