12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отбасылық соттарды құрудың тиімділігі

Отбасылық құндылықтарды және тұтас отбасы институтын күшейту үшін, қазіргі таңда Қазақстанда мамандандырылған отбасылық соттарды құру қажетті және өзекті болып табылады. Отбасылық соттар көптеген елдерде сәтті қызмет етуде.

Қазіргі таңда отбасылық соттар Сингапур, Ұлыбритания, Германия, Польша, Жапония  сияқты елдерде және АҚШ-тың бөлек штаттарында қызмет жасауда.

Мысалға, Жапонияда отбасылық соттың юрисдикциясына ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы даулар, соның ішінде тұлғаны әрекетқабілеттілігі жоқ деп тану туралы, қамқоршы тағайындау, сондай-ақ алимент өндіру туралы даулар жатады. Жапонияның отбасылық сотында істерді қарау, қоғамда құрметті және мұнтаздай беделі бар  азаматтардан сайланған арнайы кеңесшілердің қатысуымен жүзеге асырылады. Қызығы, кәдімгі үдерістен айырмашылық сот отырысының жабық нысаны қарастырылады, ауызша айтыс жоқ, даулар сот қарауының негізінде, ешбір ресмиліксіз шешіледі. Сонымен қатар, ақыл-психологиялық, адамгершілікті аспект ретінде басшылыққа алады. Былайша айтқанда, отбасылық мәселелерді шешуде негізгі рөлді адамгершілікті даналық ойнайды. Іс жүзінде барлық некелік-отбасылық даулар бойынша алдын — ала татуласу рәсімі белгіленді.  Татуласу комиссиясының құрамына отбасылық соттың судьясы және жоғарыда айтылып өткендей, осы сотпен тағайындалған екі мүшесі кіреді, осы адамдардың қоғамда белгілі беделі мен жалпы құрметі бар.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында ғылыми тәжірибе тәртібінде отбасылық соттар Польшада құрылды. Бұл жерде өте қызықты жәйтті атап өткім келіп тұр. Бұл — судьяларды іріктеуге ерекше талаптар: көтеріңкі жас ерекшелік тосқауыл, психология саласында отбасылық соттың судьяларын дайындау, судьялардың сабырлылық деңгейін анықтау үшін бірқатар тестілеу және біліктілік емтиханның басқа нысандарын өткізу. Польшаныяң отбасылық соттары неке мен отбасы мәселелері бойынша кеңестермен және диагностикалық орталықтармен өте тығыз әрекеттеседі. Соттарда кәсіби тәлімгерлер бар, психологтар міндетті түрде барлық сот отырыстарына қатысады, ал судьяның өзі оның іс жүргізуінде тұрған істер бойынша отбасылармен жеке байланысады. Яғни некелік-отбасылық даулар бойынша,  «іс жүргізушілікке жатпайтын байланыс» сияқты ұғым қолданылмайды. Судья отбасылық мәселеге, отбасыға, оны оның барлық мүшелері үшін аса ауыртпай шешу үшін, барынша қатыстырылады.

Қазақстанда қазіргі таңда Жоғарғы Соттың бастамасы бойынша «Отбасылық сот» сынамалы жоба жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – халықаралық тәжірибені зерделеу және отбасыларды сақтау саласында, кәмелетке толмаған үшін қолайлы жағдай қалыптастыру. Осындай сотты құрудың мақсаты – отбасыларға дағдарысты жеңуге көмектесу, тұрмыстық зорлыққа жол бергендерді жауаптылыққа тарту, арақ, нашақұмарлықпен зардап шегетін адамдарды ем алуға көндіру. Сондай-ақ шарасыз ажырасу жағдайында қалыпты қарым-қатынастарды құруға көмектесу және өзінің баласына қатысы бойынша ата-аналық міндеттерді орындау.

Бүгінгі таңда, балалардың құқығын қорғау – мемлекет назарында. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында отбасылық құндылықтарды бекітуге, отбасы мен балалар институтын, инклюзивті қоғам  құруға ерекше екпін жасады.

Заңды доктринада «Отбасылық құқық» ұғымы бар, онда неге осы аса маңызды, осал және бірінші дәрежелі институтқа ерекше мән бермеске және мамандандырылған отбасылық соттарды Қазақстанда құрмасқа? Бүгінгі отбасылық соттар осы кемшіліктің орнын толтырып жатыр деп сеніммен айта аламыз.

Т.Дюсембекова,

Алматы қаласының кәмелетке

толмағандар істері бойынша

мамандандырылған ауданаралық

сотының судьясы        

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...