12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Отбасылық сот»пилоттық жобасының мақсаты үлкен

Отан отбасынан басталады. Отанның іргесі мықты, тұғыры биік болуы үшін әр отбасының тәрбиесі мығым, тәлімі жоғары болуы шарт. Өкінішке орай, кейінгі жылдары отбасылық құндылықтар әлсіреп, ерлі-зайыптылардың ажырасуы жиілеп кетті. Баласына алаңдамайтындар, ұл-қызына алимент төлеуден жалтаратындар көбейді. Некеге жеңіл қарайтындар ажырасуды қалыпты жағдайға айналдырып алды. Олар баланың болашағын, ұрпақ алдындағы жауаптылықты ескерусіз қалдырды. Ал енді ғана өмірге қадам басқан балаларға ажырасудың тигізер зардабы орасан. Некені сақтап, ажырасуға бел буғандарды татуластыру, ақылға шақыру мақсатында елімізде «Отбасылық сот» пилоттық жобасы қолға алынған болатын. Бұл жоба бүгінде қоғамда керек екенін, отбасылық құндылықтарды сақтауға ықпалы зор екенін толық дәлелдеді.

Мұндай соттар Жапония, Ұлыбритания, Германия сияқты өркениетті елдерде бұрыннан бар. Отбасына қарасты мәселелерді оңтайлы шешуде бірыңғай тәжірибе жинақтап үлгерген бұл соттардан біздің үйренеріміз аз емес.  Соның ішінде біздегі жаңа соттың жобасына Сингапур отбасылық соттарының үлгісі алынғаны белгілі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының мұрындық болуымен 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап тәжірибеге енгізілген «Отбасылық сот» пилоттық жобасының талапқа сай жұмыс істеуі үшін жергілікті соттар, мемлекеттік органдар, әкімшіліктер және қоғамдық институттар жұмылдырды. Отбасына қатысты мәселелер өте нәзік, жауапты болғандықтан жаңа соттардың жұмысына әр саланың мамандары, атап айтқанда психолог, нарколог, медиатор, адвокат, педагогтар қатыстырылған болатын. Бұл мамандардың дауды соттан тыс шешуде, отбасы құндылықтарын арттыруда, отбасылық зорлық-зомбылыққа төзбеушілік және балаға қолайлы әділеттілікті қалыптастыруда, психологиялық, наркологиялық көмек көрсетудің алгоритмін анықтауда көмегі көп.  Осы бағытта жүргізілген жұмыстың қорытындысы жаман емес. 

Статистикалық деректер көрсеткендей, біздің еліміз ажырасу саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Елімізде ресми тіркелген әрбір үшінші некенің біреуі бұзылуда. Соның салдарынан толық емес отбасылар көбейіп, әкенің тәрбиесінен тыс өскен ұл-қыздар қатары артуда. Сотта неке бұзу туралы талап қоюлардың артуы ең алдымен баланың психикасы мен өміріне теріс әсер етеді. Сонымен бірге неке бұзылған жағдайда алимент өндіру, ортақ мүлікті бөлу секілді даулар туындап, бұрынғы жақын адамдардың жат адамға айналуына ықпалын тигізеді. Өйткені, мәселені бейбіт шешпеу ұрыс-керістің ушығуына, ерлі-зайыптылардың бет жыртысуына, соның кесірінен балалардың психологиялық зардап шегуіне алып келеді. Осыған орай отбасы құндылықтарын сақтау, бала құқығын қорғау секілді маңызды істерді «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жан-жақты жүзеге асырып келеді. Отбасылық соттарды құру идеясы ана мен баланы қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ отбасы институтын нығайтуға бағытталатыны сөзсіз.

Гүлжан Имансерикова,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...