Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік құндылықтарының бастауы. Сондықтан отбасылық қатынастарға байланысты туындайтын дауларды шешуде тек құқықтық нормаларды басшылыққа алу жеткіліксіз. Мұндай жағдайда тараптардың өзара түсіністігі мен келісімге келуі ерекше маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда медиация институты отбасылық дауларды өркениетті жолмен шешудің тиімді тетігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сәйкес медиация – тәуелсіз медиатордың көмегімен тараптардың ерікті келісімі негізінде дауды реттеу рәсімі. Оның басты мақсаты – дауласушы тараптарды ортақ мәмілеге келтіру және өзара қолайлы шешім табуға жәрдемдесу.

Сот тәжірибесінде отбасылық даулардың елеулі бөлігін некені бұзу, балалардың тұрғылықты жерін анықтау, алимент өндіру, мүлікті бөлу, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысу тәртібін белгілеу мәселелері құрайды. Мұндай даулардың ерекшелігі – олардың тек құқықтық емес, психологиялық және әлеуметтік қырларының да болуы. Сондықтан тараптардың арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтырмай, өзара түсіністікке қол жеткізу маңызды.

Медиация рәсімінің басты артықшылықтарының бірі – тараптардың өздері қабылдаған шешімнің орындалу ықтималдығының жоғары болуы. Себебі келісім сырттан таңылмайды, оны дауласушы тараптардың өзі қалыптастырады. Бұл өз кезегінде болашақта туындауы мүмкін жаңа жанжалдардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Әсіресе кәмелетке толмаған балалардың мүддесіне қатысты мәселелерде медиацияның рөлі ерекше. Ата-аналар арасындағы дау көбіне баланың психологиялық жағдайына кері әсер етеді. Ал медиация барысында тараптар баланың болашағын, оның тәрбиесі мен әл-ауқатын бірінші орынға қоюға мүмкіндік алады. Нәтижесінде ата-аналар арасындағы түсіністік сақталып, бала үшін қолайлы орта қалыптасады.

Медиацияның тағы бір артықшылығы – уақыт пен қаржыны үнемдеуі. Сот талқылауы белгілі бір мерзімді талап етсе, медиация рәсімі салыстырмалы түрде қысқа мерзімде аяқталады. Сонымен қатар тараптар өздерінің жеке өміріне қатысты мәселелердің жария болмауын қамтамасыз ете алады, өйткені медиация құпиялылық қағидатына негізделеді.

Бүгінде соттарда татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануға ерекше көңіл бөлінуде. Судьялар тараптарға дауды бейбіт жолмен шешудің артықшылықтарын түсіндіріп, медиация мүмкіндігін пайдалануға шақырады. Бұл қоғамда келісім мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және сот жүктемесін азайтуға ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, медиация – отбасылық дауларды шешудің заманауи әрі тиімді құралы. Ол тараптардың өзара сыйластығын сақтауға, балалардың мүддесін қорғауға және қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етеді. Сондықтан әрбір азамат отбасылық дау туындаған жағдайда ең алдымен өзара келісім мен татуласу жолдарын қарастырғаны жөн. Өйткені берік отбасы – тұрақты қоғамның кепілі.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

А.Е.Мусина

МОНИТОРИНГ ЭНЕРГООБЪЕКТОВ

В Казахстане продолжается цифровая модернизация энергетической отрасли. В рамках Года...

Медиамост для миллионов: как казахстанский стартап DARHAN RADIO объединил Центральную Азию и её глобальную диаспору

Цифровые границы стираются быстрее, чем географические. Казахстанский проект DARHAN...

ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ СФЕРЫ, РЕАЛИЗАЦИИ НОВЫХ ИНИЦИАТИВ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ В ХОДЕ СОВМЕСТНОЙ ВСТРЕЧИ МИНИСТРА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА АЙДАРБЕКА САПАРОВА И АКИМА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ МАРАТА СУЛТАНГАЗИЕВА С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА, СЕЛЬХОЗФОРМИРОВАНИЙ, ПРОФИЛЬНЫХ ВЕДОМСТВ, АКИМАТОВ И ФИНАНСОВЫХ ИНСТИТУТОВ РЕГИОНА. Следует отметить, что Алматинская область занимает...

« ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026»

С 29 ИЮЛЯ ПО 9 АВГУСТА 2026 ГОДА СТОЛИЦА КАЗАХСТАНА ВПЕРВЫЕ СТАНЕТ ЭПИЦЕНТРОМ МИРОВОГО СПОРТА И КИБЕРСПОРТА. В ЭТИ ДНИ В АСТАНЕ ПРОЙДЕТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ МУЛЬТИСПОРТИВНЫЙ ТУРНИР «ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026» (GOTF...

АСПЕКТЫ РАЗВИТИЯ АПК

В АСТАНЕ ПРЕЗЕНТОВАНЫ ТРИ СТРАТЕГИЧЕСКИХ ПРОЕКТА, КОТОРЫЕ ПРЕДСТАВИЛИ ВИЦЕ-МИНИСТР СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА ЕРМЕК КЕНЖЕХАНУЛЫ И РЕГИОНАЛЬНЫЙ ПРЕДСТАВИТЕЛЬ ПРОДОВОЛЬСТВЕННОЙ И СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ ОРГАНИЗАЦИИ ООН...