ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ ОРНЫ БӨЛЕК

Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Жанұядағы сүйіспеншілік, тәлім-тәрбие адамның қалыптасуындағы негізгі баспалдақтар. Қазақ баланы үш-ақ ұғыммен тәрбиелеген: ұят болады, обал болады, жаман болады. Осы сөздерге барлық құндылық сыйып тұр.

Ұят болады дегені – ата текке сызат түсіретін істен аулақ бол дегені. Жаман болады дегені – кесапатты іске жолама дегені. Обал болады дегені – кез келген дүниенінің сұрауы бар деп ескерткені. Ар-ожданның, обал-сауаптың не екенін біліп өскен ұрпақ қашан да отбасы құндылықтарына құрметпен қарайтыны сөзсіз.

Отбасы құндылықтарының мемлекет үшін маңызы зор. Теңіз тамшыдан құралса, ел адамнан құралады. Адам сапалы болса, ел озық болмақ. Сапалы адам қалай қалыптасады? Ол бала кезден тәрбиеленеді. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген даналық сөз бар. Ата-ана баланы біреудің ала жібін аттамай адал еңбек етуге, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет етуге үйретсе, оның өмір жолы оң арнаға бұрылады. Ұлттық тәрбиенің уызына жарып, мейіріне қанып өскен бала елдің жүгін оңай көтермек. Мемлекеттің іргетасын қалайтын әрбір баланың ойы тұнық, мақсаты айқын болса, елдің де ілгерілегені. Ел Президенті отбасы құндылықтарын сақтауға үлес қосып келе жатқан ата-аналар қауымына алғыс айта келе:

– Мықты және бақытты отбасы – келісімді қоғамның негізгі құрамдас бөлігі және мемлекеттің сенімді тірегі. Ең жақын адамдарының үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында адам мен азаматтың бойындағы отаншылдық пен жауапкершілік, инабаттылық пен үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс сияқты қасиеттермен тәрбиеленеді, – деді.

Халқымыз қашан да өз тамы- рын білуді, отбасылық дәстүрді құрметтеуді жоғары қойған. Ұр- пақ ұлағатты болса, елдің де ұпайы түгел. Қазір елімізде ұлт- тық тәрбиенің нәрін алған, жаңа көзқарастың ұтымдысын ұстанған буын жетіліп келеді. Бұл сабақтас- тықтың үзілмеуі үшін отбасы құн- дылықтарының сақталуы маңыз- ды. Сонда ғана заң мен тәртіп үстемдік еткен, адам құқығы бағаланған, тыныштық орнаған Әділетті Қазақстанның байрағы биік болмақ.

Айгуль САДУАКАСОВА, Жарма аудандық сотының судьясы 

АБАЙ ОБЛЫСЫ

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...