«Отбасы – басты тірек»: №21 мекемеде сотталғандар арасында сурет және шығарма жазу байқауы өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлескен жоспары аясында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту және өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру мақсатында сотталғандар арасында сурет салу және шығарма жазу байқауы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандарға отбасының қолдауы қаншалықты маңызды екенін ұғындыру, олардың жақындары тарапынан жақсы көрілетінін, үйде күтіп отырғанын, оларға сенім артатынын және бұл өмірде әрқайсысының орны бар екенін сезіндіру. Сондай-ақ жазасын өтеушілердің бойында оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға, түзелуге деген ынтасын арттыруға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал ету.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстары арқылы ішкі жан дүниесіндегі толғаныстарын, ойлары мен сезімдерін жеткізді. Шығармаларында отбасының маңыздылығы, туған үйге, жақындарына деген сағынышы туралы жазып, болашаққа деген армандары мен мақсаттарымен бөлісті. Ал суреттерінде отбасылық құндылықтарды, туған-туыстарына деген сүйіспеншілікті және қоғамға қайта оралып, толыққанды өмір сүруге деген үміттерін бейнеледі.
№21 мекеменің психологы Әсемгүл Оралбекқызы Оразбаева атап өткендей:
«Біздің басты мақсатымыз – әрбір сотталған азаматқа өмірден өз жолын табуға, өзіне және өз мүмкіндіктеріне деген сенімін жоғалтпауға көмектесу. Ең бастысы, бостандыққа шыққаннан кейін әрбір адамның қоғамға бейімделу үдерісінен сәтті өтіп, әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіріп, отбасына оралып, қоғамнан өз орнын табуы. Бұл ретте отбасының қолдауы, жақындарының назары мен түсіністігі ерекше рөл атқарады».
Осындай іс-шаралар мекемеде жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Олар сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға, ішкі әлеуетін ашуға, позитивті ойлау қабілетін қалыптастыруға және эмоционалдық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді.
Байқау қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, оларға қосымша көтермелеу шаралары қолданылды.
Мұндай бастамалардың профилактикалық маңызы зор. Себебі олар сотталғандарды болашақтары туралы ойлануға, адам өмірінің, отбасының және жақындар қолдауының қадірін түсінуге жетелейді.
Өйткені әрбір адамның артында оны күтетін, оған сенетін және үміт артатын отбасы бар. Ал әр адамның өз өмірін жаңа парақтан бастауға мүмкіндігі бар.

Психологиялық тренинг өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

«Семья — главная опора»: в учреждении №21 прошёл конкурс рисунков и сочинений среди осуждённых

В рамках совместного плана Национальной гвардии и Комитета уголовно-исполнительной...

О задержании лиц

11 ноября 2026 года Службой по противодействию коррупции КНБ...

Тілге деген құрмет өзімізден басталады

      Әр азамат өз ана тілін құрметтеуге тиісті. Ана...