«Отбасы банк» қандай жағдайда зейнетақы бөлігін алуға өтініш жойылатынын түсіндірді

«Отбасы банк» баспасөз қызметіндегілер npf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы өтініштің жойылу себебін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Достар, егер enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектеуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:

  • Егер қажет сома «0» деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;
  • Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе. Мысалы, «1.000.000» немесе «1000000,00» түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз «1000000» немесе «1234567» түрінде көрсету керек;
  • Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек», — деп жазылған

банктің Instagram желісіндегі парақшасында.

Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді болады.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...