ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Отбасы — әр адамның өміріндегі ең қымбат әрі қасиетті ұғымдардың бірі. Ол – адамға тәрбие, мейірім, сүйіспеншілік пен рухани қолдау беретін алтын бесік. Отбасының берекесі мен бірлігі қоғамның тұрақтылығы мен болашағына тікелей әсер етеді.
Қазақ халқы ежелден отбасы құндылықтарын ерекше бағалаған. «Отан- отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мәні де осында. Ата-анаға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау — халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі.
Бала үшін отбасы — ол алғашқы тәрбие мектебі. Оның бойындағы адамгершілік қасиеттер, еңбекке деген көзқарас, үлкенге құрмет пен кішіге ізет ең алдымен отбасында қалыптасады. Сондықтан ата-ананың балаға көрсеткен үлгісі мен берген тәрбиесі оның болашақта тұлға болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда отбасының берекесі мен тұрақтылықтығын сақтау — барша қоғам үшін маңызды міндет. Отбасындағы өзара түсіністік, сыйластық және жауапкершілік ұрпақтың дұрыс тәрбиеленуіне жол ашады. Ал берік отбасылардан мейірімді, отаншыл, еңбекқор және жауапты азаматтар қалыптасады.
Мемлекет үшін де отбасы институтын нығайту — маңызды бағыттардың бірі. Отбасын қолдау, ана мен баланың құқықтарын қорғау, балалардың сапалы білім алып, қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау — қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды шаралар.
Отбасы — тек бір шаңырақ астындағы адамдардың бірлігі емес, ол — ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың негізі. Әрбір отбасыда татулық пен сыйластық орнықса, қоғам да мықты болады. Сондықтан отбасының қадірін бағалап, оның берекесі мен бірлігін сақтау — әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
2025 және 2026 жылдардың сегіз айын салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Бейнеу аудандық сотында некені бұзу туралы 2025 жылы 119 іс, ал 2026 жылы 115 іс қаралып аяқталған. Оның ішінде отбасының бірлігін сақтап, балаларының болашағын ойлаған тараптардың өзара татуласуы нәтижесінде 2025 жылы 50 отбасы, 2026 жылы 40 отбасы шаңырағын сақтап қалған.
Бұл көрсеткіш отбасы құндылықтарын сақтаудың, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен жауапкершіліктің маңызын айқын көрсетеді. Әрбір сақталған отбасы – балалардың толыққанды ортада тәрбиеленуі мен қоғамның тұрақтылығына қосылған үлес.
Берік отбасы — берекелі қоғамның, ал берекелі қоғам — жарқын болашақтың негізі.

Зина ОТЕГЕНОВА,
Маңғыстау облысы
Бейнеу аудандық соты әкімшісінің басшысы

 Алматы – жүрегіміздің төріндегі қала

Қала күніне орай №196 жалпы білім беретін мектепте мерекелік...

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...