Отбасы құндылығы мен жауапкершілік – болашақтың негізі

Семей қаласында, Абай облысы аумағындағы минималды қауіпсіздік мекемесінде отбасы құндылықтары мен жауапкершілік тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтарға отбасының маңыздылығын, әкенің рөлін және жақындарының қолдауы әр адам үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.

Тренинг барысында қатысушыларға қазақ халқының отбасылық дәстүрлері мен құндылықтары туралы айтылды. Әсіресе әкенің отбасының тірегі, негізі екендігіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар әкенің бала тәрбиесіндегі орны, жауапкершілігі мен отбасы мүшелеріне көрсететін қамқорлығы туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында сотталған ер азаматтар өз ойларымен бөлісіп, отбасының адам өміріндегі ең қымбат құндылық екенін атап өтті. Олар үшін отбасының қолдауы қиын кезеңдерде үлкен күш беретінін, адамға өз қателіктерін түсініп, болашаққа дұрыс қадам жасауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Психолог-инспектор Оразбаева Әсемгүл Оралбекқызы өз сөзінде:
«Әрқайсысы мықты әрі бақытты отбасы құруды армандайды. Отбасының қолдауы – әр адам үшін өте маңызды. Әсіресе қиын жағдайға тап болған адамға отбасының жылуы мен сенімі үлкен күш береді», – деп атап өтті.

Бұл тренинг ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді. Қатысушылар өздерінің әке және отбасы иесі ретіндегі жауапкершілігі туралы ойланды.

Осындай іс-шаралар сотталған азаматтардың отбасы құндылықтарын терең түсінуіне ықпал етіп, қоғамға қайта оралу жолында жаңа өмір бастауына мотивация береді. Өйткені отбасы – адам өміріндегі ең үлкен тірек пен сенімнің қайнар көзі.

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...