«Отандық экспортшыларды қолдауға әзірміз»

Аллен ШӘЙЖҮНІСОВ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы: «ОТАНДЫҚ ЭКСПОРТТАУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІРМІЗ»

– Өткен жыл Қазақстанның экспорттаушыларымен агенттік қызметінде қаншалықты нәтижелі болды?

– Әрине, елдің экспорттық тауарларын қолдау бағытында жүргізілген өзгерістер отандық өндірушілердің өнімдерін экспорттау географиясы мен көлемінің айтарлықтай өсуіне оң ықпалын тигізді. Өткен жылы агенттіктің экспорттаушыларды қолдау көлемі 330 млрд теңгеден асып жығылды. Бұл біздің барлық қызмет кезеңіміздегі ең үздік нәтиже екенін атап өткен жөн. Жалпы экономикалық тиімділік 1,7 трлн теңгеге бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш экспорттық табысты, өндірілген өнім мен салық аударымдарын бірге қамтиды. Жалпы былтыр біз 350 шетелдік серіктеспен келісімшарт жасасқан отандық 90 экспорттаушыға қолдау көрсеттік. Экспорттық несиелерді сақтандыру, қарыздар мен аккредитивтер айтарлықтай қажетті өнімге айналды. Бұл құралдар сонымен қатар өткізу нарығын кеңейтуге, айналым капиталын ұлғайту және өндіріске жаңғырту жүргізуге мүмкіндік береді. Мысал ретінде «Шин-Лайн» балмұздақ өндіру бойынша зауытты жаңғырту, «ПримаҚұс» құс өсіру кешенінің екінші кезекті құрылысы, «Лотте Рахат» сақтандыру қолдауын атап өтуге болады. Бұл орайда агенттік портфелінің жартысын шағын және орта бизнес құрайды. Біз сонымен қатар Орталық Азия халықаралық банктерімен, Еуропа және шетелдік экспорттық-кредиттік агенттіктермен ынтымақтастықты нығайттық. Бұл Қазақстан экспорттаушылары үшін жаңа мүмкіндіктерді ашты.

– Үкіметтің стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігін арттыру үшін цифрлық арналарды қолдануға мән беріліп отыр. Агенттікте қандай цифрлық каналдар бар және олар мемлекеттік қолдауды алуды қалай жеңілдетеді?

– Қазіргі цифрландыру заманы біздің жұмысымыздың аса маңызды кезеңінің бірі. Былтыр клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін «Экспорттаушының жеке кабинетін» іске қосқан едік. Бұл цифрлық өтінімдер беру және келісімшарттарды келісудің онлайн платформасы. Ол бизнес процесін кіруден бастап келісімшартқа қол қоюға дейін толығымен электронды жүргізеді. Аталған кешенді тәсіл өтінімдердөңдеуді айтарлықтай жылдамдатып, тараптардың өзара байланысының тиімділігін арттырып қана қоймай, экспорттаушылардың уақыт шығынын барынша төмендетеді. Онлайн-платформа бірыңғай терезе принципінде жұмыс істеп, «Бәйтерек» холдингінің контакт-орталығы және «Вgov» бизнесті қолдау порталымен біріктірілген. Сонымен қатар экспорттаушыға агенттіктің бекітілген менеджерімен онлайн режимде байланысуға мүмкіндік береді.

– Жалпы, агенттік құрылған сәттен бастап оның мақсаты, міндеті мен басымдығы өзгерді ме? Агенттік жұмысында жақын арада қандай өзгерістер болмақ?

– Агенттіктің негізгі міндеті – экспорттаушыларды қолдау көлемін кеңейту, цифрлық сервистерді дамыту және жаңа өнімдерді енгізу болып қала бермек. Біз жақын арада сақтандыру көлемін екі есеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Екінші деңгейлі банктермен бірге, шағын бизнес субъектілері үшін портфельдік сақтандыру өнімін шығармақпыз. Бұл оларды қаржыландыру қолжетімділігін жеңілдетеді. Сонымен қатар біз көлемін келесі жылы үш есеге дейін ұлғайту жоспарланған сауда және экспорт алды қаржыландыруды ұлғайту жолымен экспорттаушыларға дәстүрлі шетелдік және жаңа нарықтарда болу географиясын кеңейтуде іс жүзінде қолдау көрсетеміз. Мұнымен қоса қайта сақтандыруды дамытуға үлкен назар аударылып отыр. Қолдау көлемі мен санының өсуімен қатар қатер мөлшері де ұлғаятыны сөзсіз. Сондықтан, «Бәйтерек» холдингінде қауіп-қатерді төмендету үшін халықаралық қайта сақтандыру компанияларымен және басқа елдердегі ЭКА-мен ынтымақтастықты кеңейтеміз. Тек өткен жылдың екінші жарты жылдығының өзінде ғана қайта сақтандыру көлемі екі еседен астам ұлғайып, бұл қауіпті айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Сөзімнің соңында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі отандық экспорттаушылар және өндірушілермен ынтымақтастыққа әрқашан ашық әрі әрбір серіктеске жеке жұмыс істеуге және заманауи құралдарды ұсына отырып халықаралық нарыққа шығудың барлық кезеңінде қолдау көрсетуге әзір екенін атап өткім келеді.

– Әңгімеңізге рақмет. Істеріңіз табысты болсын!

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...