Отандық кәсіпкерлерді қолдау жоғары

« Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруда маңызды рөл атқарады. Ол кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың мемлекеттік және меншікті бағдарламаларының операторы болып табылады. Қор өз қызметін еліміздің барлық өңірлерін қамтитын филиалдық желі арқылы жүзеге асырады.

Мəселен, Жамбыл облысындағы аймақтық филиал директоры Мұғазан Қаңлыбаевтың айтуынша, 2025 жылдан 2026 жылғы 1 маусымға дейін 1 006 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 13,69 млрд теңгенің 133 жобасы субсидиялау арқылы, 33,7 млрд теңгенің 513 жобасы кепілдік беру арқылы, 30,38 млрд теңгенің 360 жобасы шартты орналастыру бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Мұғазан Нұрмаханұлының сөзіне қарағанда, қор кəсіпкерлерді қаржылай қолдау үшін көптеген бағдарламаларды ұсынуда. Мұндай іргелі жобалардың қатарында «Іскер аймақ» өңірлік бағдарламасы; «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы; ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары (сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жəне несиелер бойынша кепілдік беру); несиелер бойынша ішінара кепілдіктер ұсыну тетіктері бар. Осы арада оларға жеке-жеке тоқтала кеткен жөн шығар. «Іскер аймақ» өңірлік бағдарламасына – микро жəне шағын кəсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар қатысады. Ондағы басым сала – өңдеу өнеркəсібі болып белгіленген. Мұндағы шекті несие сомасы – 200 млн теңгені құрайды. Субсидиялау мерзімі – 3 жылға дейін. Ал «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысушылар – микро, шағын жəне орта жеке кəсіпкерлік субъектілері. Ең жоғары несие сомасы 7 млрд теңге болып белгіленіп, өңдеу өнеркəсібі, туризм, ақпараттық технологиялар жəне креативті индустрияға басымдық берілген. Қаржыландыру мерзімі инвестиция лық мақсаттарға – 120 айға дейін, қайта қаржыландыруға. Қайта қаржыландырылатын қаржы берешектің қалған мерзімінен аспауы керек. Бір ескерерлігі импорттық жабдықты сатып алуға тек отандық балама болмаған жағдайда ғана жол беріледі. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар өнімдер мен активтерге басымдық қарастырылған. Облыстық маңызы бар қалаларда іске асырылатын жобалар бойынша ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдауға 3 млрд теңге көлеміндегі несие сомасы бекітілген. Моноқалаларда, шағын қалаларда жəне ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобаларға 1,5 млрд теңгеге дейінгі сома қарастырлған. Инвестициялық мақсаттарға – 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін субсидиялау мерзімі айқындалған. Бұл жерде белгілі бір шектеулердің барын да ұмытпауымыз керек. Айталық несие сомасы 500 млн теңгеден асқан жағдайда кəсіпкерге дивидендтер төлеуге тыйым салынады. Тағы бір ескерерлігі субсидиялау сауда-ойын-сауық орталықтарына қолданылмайды. Сондай-ақ, бұл жеңілдікті Астана, Алматы жəне Шымкент қалаларында іске асырылатын жобаларға пайдалануға жол берілмейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, «Даму» қоры қарыздарды кепілдендіру құралдарын кеңейту арқылы экономиканың нақты секторын қолдау мақсатында Кепілдік қоры аясында жаңа кепілдендіру бағдарламасын іске қосты. Кепіл жеткіліксіз болған жағдайда 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар бойынша кепілдік беріледі. Қаржыландырудың ең жоғары сомасы – 7 млрд теңгеге дейін. Кепілдіктің қолданылу мерзімі – қаржыландыру мерзімі аяқталған күннен бастап 5 айдан аспайды. Даму қоры жанынан «Бəйтерек» холдингінің бірыңғай фронт-кеңсесі іске қосылды. Енді «Бəйтерек» холдингіне қарасты ұйымдардың (Отбасы банктен басқа) бағдарламалары бо йынша бір жерден өтінім қабылданып, консультация беріледі. Атап айтқанда: Даму қоры (7 млрд теңгеге дейінгі қолдау құралдары); Қазақстанның даму банкі (7 млрд теңгеден басталатын ірі жобаларды қолдау құралдары); Өнеркəсіпті дамыту қоры (өңдеу саласын қолдау жəне лизинг құралдары); Экспорттық-кредиттік агенттік (экспорттық жобаларды қолдау құралдары); Qazaqstan Investment Corporation (Private Equity тікелей инвестициялар қорлары жəне Venture Capital венчурлік қаржыландыру қорлары арқылы үлестік қаржыландыру құралдары). «Қаржылай қолдаудан бөлек, «Даму» қоры кəсіпкерлерге қаржылай емес қолдау да көрсетеді. «Іскер аймақ» өңірлік бағдарламасы аясында кəсіпкерлік қызметті жаңадан бастаған жəне жұмыс істеп тұрған кəсіпкерлер үшін тегін онлайн-оқыту ұйымдастырылады. Оқыту кəсіпкерлердің құзыреттерін арттыруға бағытталған жəне бизнес ашу мен жүргізу, қаржылық жоспарлау, маркетинг, салық салу, бизнес-жобаларды əзірлеу жəне мемлекеттік қолдау шараларын алу мəселелерін қамтиды. Сонымен қатар, қор қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында мобильді фронт- офистің жұмысы ұйымдастырылған», – дейді Мұғазан Қаңлыбаев.

Е.КЕБЕКБАЙ, Заң газеті

В петле коррупции 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ АГЕНТСТВА ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВ ОТЧИТАЛСЯ ПЕРЕД...

По следам истины

ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПО ДЕЛУ НУРАЙ СЕРИКБАЙ ОКАЗАЛОСЬ НЕ О...

8 августа — Международный день офтальмологии: своевременная диагностика помогает сохранить зрение

8 августа отмечается Международный день офтальмологии. Эта дата призвана...