Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды

Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек әлемдегі ең беделді опера өнері оқу орындарының бірі – «Ла Скала» театры академиясында тағылымдамадан өтеді.

Бейнежазба арқылы өткен алдын ала іріктеуге 400-ден астам үміткер қатысқан. Олардың ішінен 12 үздік орындаушы таңдалып алынды. Солардың қатарында Қазақстанның атынан қатысқан Әйгерім Алтынбек те бар.

Опера әншісі Әйгерім Алтынбек – көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты. 
Ол танымал композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық опера әншілері байқауында жеңімпаз атанды. 

Сонымен қатар Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында үшінші орынды иеленді. Қазақстандық әнші атақты италиялық опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығын алды. Әлемнің 470 қатысушысы қатысқан Рената Тебальди атындағы халықаралық вокал конкурсында өнерпаз екінші орынға ие болды.

25 маусымда әлемге әйгілі Хосе Каррерастың концерті өтеді. Осы кеште Әйгерім Алтынбек те бой көрсетеді. Концертте әлемдік опера ариялар шырқалып, танымал дуэттер өнер көрсетеді.

27–28 маусымында Италияның Неаполь қаласында Андреа Бочеллидің мерейтойлық концертіне қатысып, аты аңызға айналған тенормен бір сахнада ән шырқайды.

Бұл жетістік – оның білімге деген ұмтылысы мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Сонымен қатар мемлекеттің жас таланттарды қолдауға бағытталған ауқымды жұмысының нәтижесі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...

ВАЖНЫЕ СОЦИАЛЬНЫЕ ПРОЕКТЫ

РАВНЫЙ ДОСТУП К ОБРАЗОВАНИЮ СЕГОДНЯ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ПОКАЗАТЕЛЬ ЗРЕЛОСТИ...