spot_img
spot_img

Отан алдындағы борышты өтеу міндет пен абырой!

Кеңес Одағы кезінде Отан алдындағы әскери борышын өтеу үлкен мәртебе болатын. Әскери борышын өтеуге кеткен жастарды ауыл болып шығарып салып, келгенде арнайы әскери киімімен келген азаматқа бүкіл ел қызығатын. Сәйкесінше олар да жарты ай бойына әскери киіммен жүріп, ауыл аралайтын, осының бәріне қызыққан ауылдағы жасөспірім бала біресе бас киімін киіп көріп, біресе суретке түсіп мәз мейрам болып ізінде жүретін. Ал қазір бұл көрініс аздап өзгерген. Отан алдындағы борышын өтеуден қашатын жастарды әскери военкоматтарға көшеден алып кету оқиғаларын естіп көңіл құлазиды. Осы орайда әскери борышын өтеген бірнеше ер азаматпен арнайы сұхбаттасып, бірдей бірнеше сұрақты бәріне қатар қойып көрген едік.

  1. Әскери өмірге қатысты қазір ел ішінде фобия қалыптасқан. Бұл орынды ма?
  2. Әскери борышты 6 айлық курстар алмастыра ала ма?
  3. Әскердегі әлімжеттікті қалай тоқтатуға болады?
  4. Әскерден қашатын жігіттерге не айтар едіңіз?
  5. Жалпы әскери өмірдің берері не?
  6. Өзіңіз әскери өмірді еске алғанда, есіңізге не түседі?

Кумеков Бакыт Аюбович

  1. Менің аты жөнім Кумеков Бақыт Аюбович. Шенім кіші сержант, міндетім бөлімше командирі. Өз басым әскерге қатысты фобия орынды емес деп ойлаймын. Себебі азаматтық адамдар әскери бөлімнің ішінде не болатынын қандай қызықты жағдайлар, қызықты сәттер болатынын білмейді. Олар тек әскери бөлімде абайсыз орын алған сәтсіз жайттарды, сәтсіз мәселелерді көріп дұрыс жағынан қабылдамайды. Бір сөзбен айтқанда әскердің жаман жағын ғана көріп жақсы жағын көрмейді. Сондықтан халықтың фобиясы негізсіз деп ойлаймын. Әскери борышты өтеу әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы, азаматтық міндеті. Сондықтан құр үреймен оны басқаша ойлауға болмайды.
  2. Рас, қазір әскери курс оқып алып, әскери билет алып алатындар көп. Бірақ ондай курстар әскери борышты алмастыра алмайды. Себебі әскерге ер азамат өзгеріп, отан алдындағы борышын өтеу үшін келеді. Әрбір ер азамат отан алдындағы борышын өтеуге міндетті деп санаймын. Әскерде біздің аталарымыз, әкелеріміз бәрі болған және де біз де болуға міндеттіміз деп санаймын.
  3. Әскердегі әлімжеттік 1990 жылдарда қалып қойған түсінік. Қазіргі заманда өз басым әскери адам болған соң ондай әлімжеттік жоқ деп айта аламын. Қазіргі заманда әскерде бір біріне қол көтеру, артық боқ ауыз сөз айту және тағы басқа дұрыс емес қарым қатынас жасайтын әскери адамдар заң аясында жауап береді. Олар қатаң қадағаланады. Сондықтан бұл мәселе қазір салада қатаң бақылауда. Ол үшін әрбір әскери бөлімде әскери полиция жұмыс жасайды. Олар күнделікті тәртіптің сақталуын қатаң қадағалап отырады.
  4.  Әскерден қашатын жігіттерге айтарым әскерден қашып керек емес, себебі Қазақстан Республикасының ер азаматы болған соң өз Отанын сүйіп отан алдындағы борышын беруге міндетті. Себебі ол ер азамат өз отбасын өз жерін, елін қорғай білу керек. Қазіргі әскер бұрынғы заман сияқты 2 жыл немесе ауыр емес. Бар жоғы 1 жыл. Әскер елдің қорғаны. Оны ұмытпауымыз керек.
  5. Әскери өмірдің берері өте көп. Мысалға айтқанда әскерде болған адам тазалықты, ұқыптылықты бойына сіңіреді, тәртіпті болады. Әскерде болған адам болашақта үлкен өмірге тез үйренісіп кетеді. Өз Отанын, отбасын қорғай алатын болады. Ер адамға керек маңызды қасиеттің бірі осы. Әскерде ер адам шымыр, денсаулығы мықты болып шығады. Жалпы бір сөзбен айтқанда әскер деген ер адамға өте қызықты және де үйрететін нәрселері өте көп.
  6. Әскердегі қызықты сәттер, өзімнің отан алдындағы борышын бірге өтеген құрдастарым , олармен өткізген қиыншылықтар, қуаныштар есіме түседі. Әскерде үйренгенім оның ішінде қару жарақпен жұмыс жасау, қаруды ату, газтұмылдырықты кию, онымен жүгіру, өз құрдастарымен спорт жағынан қызмет жағынан жарысу. Өз құрдастарымен бір дастарханда отырып бір нанды бөліп жеген сәттерім есіме түседі. Бір сөзбен айтқанда қызықты сәттер өте көп! Бұндай қызықты сәттер өмірде бір рет қана кездеседі.

Ермекбай Жандос Талғатұлы.

1) Менің аты жөнім Ермекбай Жандос Талғатұлы. 2001 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданында туылғанмын. Қазіргі таңда әскер ішінде үлкен өзекті мәселе болып тұрған ол әскери қызметкерлердің өлімі. Дәл қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселе бірлі жарым оқиғалардан туындап отыр. Ал әскерде мыңдаған азамат сәтті әскери борышын өтеп келіп жатыр.

Қазіргі таңда жас сарбаздарды дембельдерге қоспайды және бұл о бастан бар қағида. Халықтың ойында қәзіргі таңда қалыптасқан 90-жылдардағы армия болуы мүмкін. Өзім әскери борышымды өтеген жылдары да және сол уақытқа дейін жас сарбаздарды дембельге қосу деген ұйғарым болмаған.

Ата-аналарға айтарым, балаларыңызды жастайынан әскери өмірге баулып өсірген абзал. Қазіргі жастардың буыны әлсіз болып келеді. Ата-ана баласының Отан алдындағы борышын өтейтінін жақсы біледі, бірақ соған әрекет жасамайды. Әрекет жасамайды дегенім “балдырған” кезінен патриоттық сезімін оятып миына құймайды. Әскерге баруды насихаттап, физикалық және психологиялық тұрғыдан курстарға бермейді. Ал алдыңғы сұраққа оралатын болсақ, әскери өмірге қатысты қәзіргі ел ішіндегі фобия мүлдем орынсыз.

2)  Әрине алмастыра алмайды. Себебі мерзімді әскери қызметкерлерге әскерде қолайлы жағдай жасалған, соңғы заманауи тұрғыдан жабдықталған қызметтер өте көп. Алты айлық курс деген ол ендігі менім ойымша артық дүние. Мұндай әрекеттермен әскерімізді әлсіретіп аламыз. Жаханда болып жатқан дүниені қарасақ соғыс көп, қазіргі таңда бұл алты айлық курс дұрыс емес шешім деп ойлаймын.

3) Әскерде әлімжеттік бар деп кім айтты жалпы? Жоғарыдағы бірінші сұраққа жауап бергенімдей балаларымыз әлсіз, әлжуаз болып келеді. Жас сарбаздар әскери бөлімге келгенде алдарынан күтіп алатын дембелдер емес, 4 жыл бойы жастық шағын отанына арнаған, тұла бойында отанға деген сүйіспеншілігі мол, қайраты мен жігері тасып тұрған офицерлер құрамы және 2 жылдық кадет корпусын аяқтаған білікті сержанттар. Ол кісілердің бойында жауынгерлік рух тасып тұрғандықтан жас сарбаздарды шынықтыру, морально-психологиялық тұрғыдан дайындау сол кісілердің міндеттері. Дауыстары гүр-гүр етіп тұрған басшы құрамды көрген біздің жас сарбаздар сасып қалуы мүмкін басында, бірақ үйреншікті жағдай. Бар болғаны әскери нормативпен шынықтырады, ал біздің сарбаздар соған төзе білуі керек. Сондықтанда әлімжеттік деген дүниені миымыздан алып тастағанымыз дұрыс.

4) Әскерден қашатын балаларды түсінбеймін. Бір жыл отанымызға арнай алмасақ несіне жер басып жүрміз еркек болып, отанымыздың шекарасын біз күзетпесек басқа елден келіп ешкім күзетпейді бауырлар. Сіздерге өтірік маған шын. Әскерге мен өз еркіммен бардым. Басында жібермеген әскери комиссия «бойың мен салмағың сәйкес келмейді, жарамайсыз» деп. Бар болғаны 800 грамм жетпеді. Шығып бара жатып тағы бір мүмкіндік беріңіздер деп жалынып жатып кірдім тағы да. Екіншісінде су ішіп кіруге тура келді. Салмағым келіп тұрған соң өтіп кеттім. Сондықтан да кейін ұрпағың сенімен мақтансын десең әрекет жасайық жігіттер.

5)  Әскери өмір ең алдымен ата-ананың қадірін түсіндіреді. Көп балалар ата-ананың қадірін қасында жүріп білмейді, сол балалар алысқа 1 жылға әскерге кететін болса іштегі сезімді айта алмаймын. Екіншіден, әр өңірден көп дос табуға мүмкіндік береді. Араласатын адамдарымыз көп болады әрине. Үшіншіден, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік береді. Оның арасында жұмыспен орналасуымызға көп мүмкіндік бар. Әсіресе құқық қорғау орындарына әскери билет арқылы жұмысқа орналаса аласыз.

Тек бұл ғана емес, қазіргі таңда мемлекеттік қызметкер боламын десеңіз әскери билет міндетті түрде керек.  Төртіншіден, артымыздан еріп келе жатқан өскелең ұрпақты тәрбиелеуге осы әскер бірден-бір себеп. Бесіншіден, әскери өмірдің берері өте көп, айта берсек таусылмайды. 2019 жылы 11-сыныпты бітіріп сол жылдың күзгі әскери шақырылымына, Әуе Қорғанысы Күштеріне  іріктеуден өттім

  • Алматы қаласы, Жетіген гарнизонында  78 639 әскери бөлімінде 6 ай уақыт “РЛС-П18М”, “ПРВ-13” және тағы басқа әскери әуе шабуылына қарсы техникаларды меңгеріп, ШҚО Семей қаласына қарасты “31 767” әскери бригадасына ауыстым. Әскери бригадада меңгерген техникаларымды одан әрі де шыңдап, Республикалық полигонда “СБД” 2-степень. ( сотрудник боевого дежурства) және басқа да марапаттарға ие болдым. Қазіргі қызметім құқық қорғау органдарында жұмыс жасаймын. Нақтырақ айтқанда ішкі істер министрлігінде. Бұл жұмысқа орналасуыма бірден бір себеп болған 1 жылдық әскери өмір, әскери билетім болмаса бұл жұмысқа орналаса алмайтын едім.

Айаған Сұлтан Бексейітұлы

  1. Менің аты жөнім Айаған Сұлтан Бексейітұлы. Аудандық Мәдениет үйінде Режиссёр мамандығы бойынша жұмыс жасап жатырмын.
  2. Дұрыс айтасыз халықтың ішінде фобия бар. Бірақ та менің ойым әр ер жігіт өз отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Әскерден қашпау керек! Адам өмірі біз ойлағандай емес дәм-тұзы таусылған адам қай жерде болса да жан тапсыруы мүмкін. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әскери борышын өтеуге кеткен жас сарбаздардың қаза тапқаны  өзінің дәм-тұзының біткені шығар бәлкім.
  3.  Жоқ мен бұған мүлдем келіспейм! Себебі өзім де Отан алдындағы борышымды өтеген 1 жылым аз болып қалды. Керісінше бұрыңғыдай 2 жылдық болса өте қатты жақсы болатын еді. Өйткені ер адамның шыңдалуына бір жылдық аздық етеді.
  4.  Әлімжеттік кез келген салада кездеседі. Бізде тек қана әділдік жетіспейді! Әділдік болса жақсы болатын еді.
  5.  Егер шынымды айтсам ондай жігіттерді түсінбейм! Қашпаңдар әскерден! Отан алдындағы борыштарыңды өтеңдер, қорғаңдар. Әскердің өмірі ол өте қызық, болған адамға әрине! Әскердегі өмірді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес онда өте өте қызық көп. Әскерден қашпай керісінше барып қайтыңдар. Болашақта ұлдарыңа мынау мен әскердегі кезім деп айтып фоталарыңды көрсетіп отырасыңдар. Кезінде біздің әкелеріміз де солай ететін. Бала кезде бізге әскердегі фотоларын көрсететін соған қызығып мен де барғым келді және барып келдім. Өте көп нәрсені түсіндіреді әскер. Ең бастысы өзім әскерден түйгенім шыдамдылық! Нағыз ер жігіт қылып сені дайындап шығады әскер.
  6. Егер шынымды айтсам қазірдің өзі әскерге қайта барғым келеді сағындым. Негізі әскери өмір әр адамға әр түрлі түсінік береді ғой бірақ өмірге деген көз қарасың өзгереді. Нағыз ер жігіт боласың! Өзімнің полчандарымен бірге бір стройда тұрғаным, кешкі серуенге шығып, рота болып ән салғанымыз, айта берсем өте көп. Өз басым әскерге барып келгенім үшін еш қашанда өкінбейм керісінше қазірдің өзінде сағынып көзіме жас келіп отыр. Қазір әлімжеттік жоқ себебі жаңадан шақырылғандар мен бұрынан бері әскери борышын өтеп жатқандарды  мүлдем кездестірмейді!

В УИС г. Астаны состоялась встреча представителей ДУМК с отбывающими наказание

Главный имам мечети «Азрет Султан» г. Астаны Жусупов Ерболат...

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...