Қостанай құс фабрикасы жұмыртқа бағасын көтерді деген күдікке ілінді

Қостанайдағы «Жас қанат-2006» құс фабрикасына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінен мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, «Жас қанат-2006» ЖШС құс фабрикасы Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзған.

«Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасын бұзу белгілері бойынша Қостанай облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеуді бастады. Атап айтқанда, ЖШС жұмыртқаны көтерме сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұру бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланған», — делінген хабарламада.

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...