spot_img
spot_img

Қостанай облысындағы өртті сөндіріп жатқандарға 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі

Қостанай облысындағы өртті сөндіріп жатқан сала мамандарына 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді. Ол өрт сөндіруге қатысқандарға арнайы жалақы бөлу туралы кесіп айтты.

«Мен жалынмен күресіп жатқандардың бәріне өз атымнан жеке алғыс жолдағым келеді. Олар ерлік танытып, шұғыл қимылдап, кәсіптеріне адал екенін көрсетті. Олар ең жоғары бағаға лайық деп ойлаймын және тиісті марапат алады. Оның ішінде қаржылық тұрғыдан да. Үкімет өрт сөндіруге тікелей қатысқандарды екі айлық еңбекақы көлемінде марапаттау туралы тиісті қаулы әзірлеуі керек», — деді президент Қостанай облысындағы жұмыс сапары кезінде.

Еске салайық, президент Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізген еді. Мемлекет басшысы өңірдегі ахуалдың бақылауда екенін айтты. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.

Уловки преступников 

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК ИЛИ СООБЩЕНИЕ, ПОСТУПАЮЩЕЕ ОТ ИМЕНИ «СЛУЖБЫ БЕЗОПАСНОСТИ...

Социальные науки и устойчивое будущее

НА ФАКУЛЬТЕТЕ ФИЛОСОФИИ И ПОЛИТОЛОГИИ КАЗНУ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ ПРОШЛА...

Дербес кассациялық соттарды құру

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жаңғырту және азаматтардың құқықтарын қорғау...

Цифровой кодекс – как следствие прогрессивного общества

Любая масштабная реформа начинается с определенной концепции. Концепция Казахстана...

Регион туризма и гостеприимства

Акмолинская область имеет уникальные и неповторимые курортные зоны, заповедники,...