12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қостанай облысы аумағында екі ірі зауыт салынады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қоғамдық кеңес пен облыстық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы баяндама жасады. Жиын барысында облыс аумағында жүк техникасына арналған автоқұрамдауыштар шығаратын екі ірі зауыт салынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңір басшысының айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне, оның ішінде облыс халқының табысы мен өмір сүру сапасына оң әсер етуде.

Әкім 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қатысты оң динамика тіркелгенін айтты. Өңдеу өнеркәсібінде, атап айтқанда машина жасауда айтарлықтай өсім байқалады, онда жеңіл автомобильдердің шығарылатын модельдерінің желісі үнемі ұлғайып келеді. Мәселен, 6 айда 31,0 мың автокөлік құрастырылса, оның 1,2 мың бірлігі экспортқа жіберілді.

“Айта кету керек, республикада құрастырылған автомобильдердің 62%-ы біздің облыс зауыттарына тиесілі. Инвестициялық жобаларды іске асыру ерекше бақылауымда, өйткені инвестициялар тарту – бұл ел экономикасының негізгі драйверлерінің бірі. Бүгінгі таңда облыс аумағында 1,8 трлн теңгеден астам сомаға 52 жобадан тұратын пул құрылды. Оларда 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады , – деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Әкімнің сөзінше, бұнымен қоса «Kamlit KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі индустриялық аймақтың аумағында құны 160,7 миллиард теңге жүк техникасына арналған автоқұрамдауыштар шығаратын: шойын құю зауыты және жүк техникасына арналған өнімдер шығаратын екі зауыт салмақ. 

“Аталған зауыттардың іске қосылуының арқасында алдағы 2 жылда 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттардың өнімдері ТМД елдері үшін бірегей болады. Оның көп бөлігін экспортқа жіберу жоспарланып отыр, бұл облыс пен республиканың халықаралық саудадағы позицияларын күшейтетін болады”, – дейді әкім. 

Сондай-ақ «Евраз Каспиан Сталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 60,0 миллиард теңге болат дайындамаларын өндіру бойынша зауыт салуды жоспарлап отырған көрінеді. 

“Қазіргі уақытта ішкі нарықта да, экспорттық бағыттарда да автомобильдерге тапшылық байқалады. Қостанайлық автоқұрастырушы автомобильдердің модельдер қатарын кеңейту және өндіріс көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылуда. 
Сөйтіп, ұсақ торапты әдіспен КИА, Шевролет Оникс, Лада автокөліктердің өндірісін жолға қою, катафорездік астарлауды пайдаланып бояу цехын кеңейту, «Беларусь» тракторларына арналған кабиналар өндірісін жолға қою жоспарлануда”, – дейді Архимед Мұхамбетов. 

«85 лет кафедре Педагогики и образовательного менеджмента: традиции, достижения и перспективы развития»

Согласно историческим источникам становления кафедры в Казахском национальном университете...

Қате аудармалар мұндалап тұр

Көзі ашық, көкірегі ояу адамның қазіргі заманға ашынуы дұрыс...

«Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі»

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, себебі ата-бабамыздан келе...

Пробация есебіндегі азаматтармен “Отбасы құндылықтарын сақтау” тақырыбында кездесу өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Мақат аудандық пробация қызметі...

Қызылорда да қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі жазасын өтеушілер облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінің тәрбие...