ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады? Бұл сұраққа комиссия жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ОСК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында комиссия елдегі сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін басқаратын тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік орган екенін хабарлады.

ОСК Президент пен Мәжіліс депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады, Сенат депутаттарының сайлауын басқарады, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының қызметін бақылайды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елде жергілікті деңгейде сайлау тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мысалы, 2025 жылы Қазақстанда 1028 сайлау өтті.

Атап айтқанда:

  • аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлау — 914;
  • аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау — 8;
  • бірмандатты округтерде шығып қалған депутаттардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау — 106.

Сонымен қатар комиссия Қазақстан сайлаушыларының бірыңғай электронды тізілімін жүргізеді. Деректерді тексеру жылына екі рет 1 қаңтар мен 1 шілдеге дейін әкімдіктер ұсынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

Жұмыстың тағы бір бағыты — сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту. 2025 жылы ОСК 5 офлайн және 2 онлайн республикалық семинар өткізді, оған 937 сайлау ұйымдастырушысы қатысты.

Ал аумақтық сайлау комиссиялары 6 800-ден астам оқыту іс-шарасын өткізіп, сайлау процесіне қатысатын 115 мыңнан астам адамды қамтыды.

Сондай-ақ ОСК жанында консультативтік органдар жұмыс істейді. Олардың қатарында сарапшылар кеңесі, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы мен жас сайлаушылар клубы бар.

Алдағы референдум

2026 жылғы 11 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда референдум 15 наурызда өтеді. Бұл жексенбі.

Референдум бюллетенінде «Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген бір ғана сұрақ болады.

Қазақстан азаматтары «Иә, қабылдаймын» немесе «Жоқ, қабылдамаймын» деп дауыс береді.

Право в режиме ожидания

В СЕНАТЕ ПРЕДЛАГАЮТ УСИЛИТЬ МЕРЫ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ЖИЛЬЕМ ДЕТЕЙ-СИРОТ,...

Жалған ақпаратпен күрес: Елімізде қандай шаралар қабылдап жатыр? 

Қазақстанда жалған ақпаратқа қарсы күрес тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, медиа, білім беру және азаматтық қоғам салаларында да маңызды бағыт ретінде қалыптасып келеді.

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

2026 жылдың мамыр айында мерекелерге байланысты қазақстандықтар қосымша демалысқа шығады.

Көрші елде аусылдан мал жаппай қырылып жатыр. Індет Қазақстанға жетті ме?  

Ресейдің бірқатар өңірінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында індет таралып, жағдай ушығып барады.

Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр.