ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы партиялық тізімге енген кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып берді. Шавхат Өтемісов сондай-ақ Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 13 шілдеде сағат 18:00-де аяқталғанын атап өтті.

«2026 жылғы 13 шілде сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылды: Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі — 63 кандидат, «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі — 69 кандидат, «Әділет» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі — 186 кандидат, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі — 47 кандидат, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі — 72 кандидат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі — 33 кандидат, «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі — 76 кандидат», — деді Шавхат Өтемісов.

ОСК хатшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген нормалар, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялардың құқықтары туралы айтты.

«Қазіргі уақытта барлық саяси партиялардың құжаттары партиялық тізімге енгізілген азаматтардың Конституцияның 35-бабының 3-тармағында, 54-бабының 3-тармағында және Конституциялық заңның 4-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады», — деп түйіндеді Шавхат Өтемісов.

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...

AI-Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

«Балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы» жаңа заң жобасы...

Вред алкоголя: что происходит с организмом на самом деле

Алкоголь давно стал частью культуры, праздников и отдыха. Многие...

Алкогольдің зияны: ағзада шын мәнінде не болады?

ЖАННА НҰРБЕРГЕН Астана медицина университеті академик Е.Д.Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми...

Учимся грамотно зимовать

​​​​​​​РЕЗКО-КОНТИНЕНТАЛЬНЫЙ КЛИМАТ ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА ЧАСТО ПРЕПОДНОСИТ НЕПРЕДСКАЗУЕМЫЕ «СЮРПРИЗЫ»: ОБИЛЬНЫЕ...