«Қоштасу уақыты келерін біліп қорқып жүрдім» : Тоқтар Серіков анасының өлімі туралы айтты

Қазақстандық танымал әнші Тоқтар Серіков анасы қайтыс болғанда өзіне қолдау көрсеткен барша достары мен жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Оның анасы Маруся Назарбекқызы 20 наурыз күні өмірден озған болатын. Сонымен қатар, өнер иесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз рахметін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Тоқтар Серіков басынан өткен ауыр жағдайдан кейін енді ғана көпшілікпен байланысқа шықты. Әнші Instagram желісінде жантебірентерлік жазба жариялап, барша желідегі оқырмандарына өз алғысын жеткізді.

«Не деп жазарымды білмеймін.Осы қоштасу уақыты келерін біліп қорқып жүретінмін. Анамнан айырылып қалу мен үшін, менің әулетім үшін, менің балашағам үшін үлкен қайғы болды. Соңғы сағатына дейін қасында отырдым. Анашыммен қыймай қоштасттым. Мен үшін ең ауыр осы бір сәт болды. Құрметті ағайын біздің әулетіміздің қайғысына ортақтасқандарыңыз үшін басымды иіп рақмет айтам. Қайғыны бөліссең азаяды деген сөз тегін емес екен. Көптеген көңіл білдірген ел азаматарының хабарын алып сабырға келдім. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырза анамыздың қайғысына көңіл айтып жедел хат жолдады. Иә, менің анамның осындай ел құрметіне бөленгені ұрпағы үшін үлкен мәртебе. Баршаңызға Алла разы болсын. Ел ана аман болсын» , — деп жазды ол.

Айта кету керек, Маруся Назарбекқызы батыр ана болып табылады. Ол кісі дүниеге 11 бала алып келіп, оларды тәрбиелеп шығарды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...