12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ортақ шешімге келу ұтымды

Қазақтың дала заңдарының қайқайсысы да жапа шегуші мен құқық бұзушыны татуластырып барып, жазалауды қарастыруымен ерекшеленеді. Жауапты анықтау, жазаны белгілеу – ел ішінде беделді, көпке сөзі өтімді, көргені көп билердің құзырында болған. Бұл да жоғары мәдениетті көрсетеді.
Қазақ билері дауды шешуде ең алдымен, бітімгершілік қағидасын, әділдік принципін ұстанған. Содан болар, шиеленісті, тартысты дауларда екі жақтың бірдей риза боп, мәмілемен біткен мысалдарын жиі кездестіреміз. Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің тарихы тереңде. Оның негізі бүгінгі тәуелсіз сот жүйесінде де жалғасып жатыр. Заңдар әлдеқайда кеңейген, көлемі артқан, қоғамның барлық саласы қамтылған. Оны басшылыққа алатын судьялар да өздерін дамытумен, машықтанумен, тәжірибе алмасумен білім мен білігін жетілдіріп отырады. Қазіргі заман билері, яғни бүгінгі заманның судьялары істерді заң шеңберінде, тез қарап, тараптарды бітімге келтіріп, әділ шешім шығарып, заң үстемдігін орнатуды басты мақсат етіп қойды.
Тәуелсіз сот жүйесінде бітімгершілік рәсімін қолдану кеңейтілгенін, ал қылмыстық істер бойынша соңғы кездері жаза тағайындау саясаты ізгілендіріліп, қомақты құн төлеуге бағытталып отырғанын айта кету керек. Бітімгершілік рәсімін қылмыстық процесте қолданудың өз тәртібі бар. Қылмыстық кодекстің 68-бабы татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейді. Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуде келтірілген зиянның орны толтырылса, сотталушы мен жәбірленуші келісімге келсе, құқық бұзушы қылмыс­тық жауаптылықтан босатылады. Заң аясында медиацияны қолданудың ережелері адам өлімімен, сыбайлас жемқорлық, террористік, экстремистік қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.
Істі басты сот талқылауында қарау кезінде сот тараптарға заңмен бекітілген 68-бап талаптарын түсіндіреді, медиативтік келісімге келуге ешкімді мәжбүрлемейді. Тек ортақ шешімге келудің жолын көрсетеді. Медиативтік келісімді істі алдын ала тергеп-тексеру кезінде де, басты сот талқылауында жүргізуге болады. Медиацияны толық қолдану сот қызметінің жұмысын оңтайландырып, жұмыс жүктемесін анағұрлым азайтуға қолайлы мүмкіндік туғызады. Медиация рәсімін енгізу мен қолдану қоғамдық қарым-қатынас мәдениетін де арттырады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің дамуы қазіргі таңда күн санап қарқын алып келеді. Дала заңдары негізінде қалыптасқан отандық сот жүйесі бүгінде әлемдік стандарттарға толық сай келетінін, барлық халықаралық талаптарға жауап бере алатынын көріп отырмыз. Азаматтар қылмыстық істерде де бітімге келудің тиімді екенін сезінуде. Бұл дауды өркениетті түрде шешудің ежелден келе жатқан, әрі ғасырлар бойы талайды мойындатқан ең оңтайлы әдіс екені анық.

Гүлмаржан Әділсұлтани,
Ақтау қалалық сотының судьясы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...