Ораза инфляцияны тежей ме? – сарапшы пікірі 

Рамазан айы – рухани тазару кезеңі. Бірақ қоғамда «Ораза кезінде халық аз тұтынады, демек баға да төмендеуі керек» деген пікірлер бар. Экономист Айбар Олжайдың пікірінше, бұл – мінез-құлық экономикасы тұрғысынан қызықты гипотеза болғанымен, дерекпен тексеруді қажет ететін мәселе, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Теория не дейді?

Айбар Олжайдың айтуынша, классикалық экономика логикасы бойынша ораза кезінде күндізгі тұтыну қысқарады, қоғамдық орындарға бару азаюы мүмкін және кейбір қызмет түрлеріне сұраныс төмендейді.

Егер кешкі уақытта тұтыну шамадан тыс компенсацияланбаса, онда жалпы сұраныс азаюы мүмкін. Ал сұраныс азайса, бағаға қысым да төмендейді, — дейді ол.

Алайда теория мен нақты статистика әрдайым сәйкес келе бермейді.

2020-2025 жылдар: статистика не көрсетті?

Айбар Олжай соңғы алты жылдағы инфляция көрсеткіштерін талдап берді.

2020 жыл

Жыл басында инфляция – 5,6% болған.

Экономист сараптауынша, мамыр айында, ораза кезінде инфляция 6,7 пайызға дейін көтерілді. Жалпы инфляция сол қалпы өрлей берді де, 2020 жылды 7,5% деген мәнде аяқтады, — дейді экономист.

2021 жыл

Жыл басында 7,4% инфляциямен ашылды. Ал ораза келген сәуір-мамыр айларында инфляция ырықталып, 7-7,2% коридорына төмендеген.

Ал 2021 жылғы ораза кезінде сол жылдың ең төмен инфляциясы тіркелді. Одан кейін қымбатшылық шарықтады да, 2021 жыл 8,4 деген инфляция мәнімен аяқталды, — дейді ол.

2022 жыл

Бұл жылы ораза кезінде инфляция уақытша төмендегенімен, кейін қайта өскен.

Жыл 8,5% инфляциямен ашылған еді. Ораза келген сәуір айында инфляция 13,2 пайызға дейін көтерілді. Одан кейін мүлде бой бермей шарықтап, жылды 20,3% рекордымен жапты, — дейді экономист.

2023 жыл

Бұл жылы инфляция төмендей бастаған тренд ораза кезеңінде жалғасқан.

2023 жылы инфляция 20,7 деген жоғарғы деңгеймен басталып, сол жылы 21,3 пайызға жетіп, жағымсыз рекорд орнатты. Ораза болған наурыз-сәуір айлары қымбатшылық ақырындап 18,1-16,8 пайыз деңгейіне түсіп, төмендеуін жалғастырды. Сол жылы қорытынды инфляция 9,8% деңгейінде тіркелді, — дейді Олжай.

2024 жыл

2024 жыл 9,5% деген инфляциямен ашылды. Ораза келген наурыз-сәуір айында инфляция 9,1-8,7 пайыз деңгейіне төмендей бастады да, жылды 8,6% қорытындысымен жапты, — деп жазады экономист.

2025 жыл

2025 жылдың басында Қазақстандағы инфляция 8,2% болған. Бірақ оразадан соң инфляция 7,9 пайыз деңгейіне дейін түсті.

Алайда, экономист пікірінше, жылдың жартысы біткеннен кейін өсе бастады да, 2025 жылдың қорытынды инфляциясы 12,3 пайыз болып тіркелді. Сөзінше, алты жылдық деректерде тұрақты заңдылық байқалмайды.

Кей жылдары инфляция ораза кезінде төмендеді, кей жылдары өсті. Бірақ бірізді, қайталанатын үрдіс жоқ. Сондықтан оразаны инфляцияны тежейтін жүйелі фактор деп айтуға болмайды, — дейді ол.

Зерттеп жүргізген экономист оразаның мақсаты – инфляцияны төмендету емес деп тұжырымдайды.

Рамазан – рухани құбылыс. Ол макроэкономикалық айнымалыларды түбегейлі өзгертетін құрал емес, — деп түйіндейді Айбар Олжай.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның барлық өңіріне арналған ораза кестесі шықты.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді 

Қазақстанның саяси партиялары Президенттің Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға белгілеу туралы Жарлығына қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдемелер жасап, алдағы сайлау науқанына толық дайын екендерін жеткізді.

На пути масштабных политических реформ

УХОДЯЩАЯ НЕДЕЛЯ СТАЛА ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ЗНАЧИМЫХ В СОВРЕМЕННОЙ ПОЛИТИКО-ПРАВОВОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. СРАЗУ НЕСКОЛЬКО СОБЫТИЙ, ВЗАИМОСВЯЗАННЫХ МЕЖДУ СОБОЙ, ОЗНАМЕНОВАЛИ ЗАВЕРШЕНИЕ МАСШТАБНОГО ЭТАПА КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ И НАЧАЛО ФОРМИРОВАНИЯ НОВОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ.

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады. Ол 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстан үшін дағдарыс туғызбайды – сарапшы 

Шекара маңында жанармайдың заңсыз тасымалы күшейе ме? Елдің ішкі нарығында тапшылық қаупі бар ма?