18 сәуір-Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Қармақшы аудандық пробация қызметі мен Қорқыт ата мемориалды музейі пробация есебінде тұрған азаматтарға «Қорқыт Ата қобыз үні» атты мәдени іс шара ұйымдастырды.
Түркі дүниесінің қайталанбас дара тұлғасы Қорқыт Атаның жамбасы тиген қасиетті Қармақшы жеріндегі Қорқыт Ата кешеніне келген қонақтарды кешеннің меңгерушісі мен қызметкерлері қарсы алып, қонақтарды экскурсовод Қорқыт ата мұражайының экспонаттарымен таныстырды. Сотталған азаматтар, экскурсовод айтқан Қорқыт Ата туралы аңыздан, қобыз бейнесінен, сырынындай желден шығып тұрған қобыз үнінен біраз әсер алды.
Іс шараның негізгі мақсаты – Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшалауға байланысты емес жаза түрлеріне тартылған азаматтардың рухани байлығын арттырыра отырып, олардың өмірге деген көз қарасын өзгерту және түзелу жолына түсіуне ықпал ете отырып, қылмыс әлемінен алшақтату.
«Бүгінгі шарадан керемет әсер алдым. Қорқыт Ата туралы аныз әңгімелерді естіп, қобыздың үнін тыңдап, мұражай экспозициясынан бабамыздың өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер білдім. Шараны ұйымдастырушыларға алғысым айтамын », – деді есептегі азамат.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД