Қор маусым соңына дейін жетеді — Денсаумин дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек жеткізу келісімшартын біржақты тәртіппен бұзады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында депутат Зарина Қамасова өмірі мен денсаулығы дәрі-дәрмек қабылдаумен байланысты қазақстандықтарды қазіргі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Украинадан дәрі-дәрмек жеткізудегі үзіліс алаңдатып отырғанын айтты.

«Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі Украинадан дәрі-дәрмек жеткізуде қиындықтарға тап болды. Ол елден 25-тен астам дәрі-дәрмек сатып алынады. Тағы бір проблема — бұл біздің өндірістің бірқатар компоненттер мен логистикаға импортқа тәуелділігі. Ауруханалар дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы заттарды шекті бағамен сатып алатындықтан, бүгінде оларда шприцтер, катетерлер немесе басқа да қажетті заттар тапшылығы болуы мүмкін. Осындай қарқынмен 90-жылдардағыдай дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қымбат бағаға сатып аламыз. Бірақ Үкімет ұзақ мерзімді қор барын айтты. Егер бірқатар аймақтарда «СК-Фармация» қоймалары болмаса, бұл қалай болады? Айтыңызшы, сіздер науқастарды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді қалай жоспарлап отырсыздар»- деп сұрады депутат Денсаулық сақтау министріне.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният дәрі-дәрмек тапшылығы болмайтынын, өйткені дәрі-дәрмектің 94 пайызы бұрын сатып алынғанын айтты.

«Бүгінгі таңда дәрілік препараттардың жалпы көлемінің 50 пайызы «СК-Фармация» қоймаларына жеткізілді. Науқастарды маусым айының соңына дейін емдеуге жететін дәрі-дәрмек бар. Украинаға келетін болсақ, жалпы көлемнің 1,6 пайызы — дәрі-дәрмектердің 25 атауы Украинадан жеткізілді. Жыл басында Украинадан келген жеткізушілер бізге осы көлемнің 40-тан 70 пайызына дейін әкелді. Қазір зауыттар жабық болғандықтан біржақты тәртіпте келісімшарттарды бұзамыз. Қалған көлемдерге 1 шілдеге дейін конкурстар өткіземіз», — деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

«Резиновые квартиры», «трезвые села» и «умные камеры»

Жителям Восточного Казахстана февраль запомнился серией интересных, разнообразных и...

Концепция «Таза Қазақстан» в действии 

В Министерстве экологии и природных ресурсов РК подвели итоги...

Новый этап антикоррупционной политики

В МАРТЕ 2026 ГОДА РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН СДЕЛАЛА ВАЖНЫЙ ШАГ...

Исторический выбор

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ОЗНАКОМИЛСЯ С РЕЗУЛЬТАТАМИ ЭКЗИТ-ПОЛЛА, ПРОВЕДЕННОГО...

«ЕРТЕГІСІЗ ӨСКЕН БАЛА – РУХАНИ МҮГЕДЕК»

ҚАЗІР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ƏЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ТУЫНДЫЛАР ЖЕТЕРЛІК. «ГАРРИ ПОТТЕР»...