Оқушылар көктемгі демалыста қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді. Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

III тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ тоқсан болып саналады, ол 10 оқу аптасына созылады.

IV тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Ол 8 оқу аптасына созылады.

Бұған дейін министрлік орта білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалыс күндерін бекітті.

Қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.