Оқу-ағарту вице-министрі мектептегі тамақтанудағы өзгерістер туралы хабарлады

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мектептегі тамақтанудағы өзгерістер туралы хабарлады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ведомствода мектеп асханаларында тамақтану нормалары қайта қаралған.

«Біз мектептердегі тамақтану нормаларын қайта қарастырдық. Өзгерістер тағамдардағы қант пен тұзды азайтуға қатысты болды. Сондай-ақ балалар мәзірінен газдалған сусындар, құрамында қант мөлшері көп және құрамында кофеині бар сусындар алынып тасталады, бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін», — деді Еділ Оспан ведомство алқасы басталар алдында оқушылар сарайының кулуарында.

Сонымен қатар оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігімен және халықаралық мамандармен бірлесіп мектепте тамақтануды ұйымдастырудың жаңа стандарттары әзірленіп жатыр.

«Олар жаңа оқу жылынан бастап денсаулық сақтау мамандары мектептерде тамақтануды ұйымдастырудың перспективалық модельдерін енгізумен айналысады», — деп толықтырды вице-министр.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.