12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте

Ата Заңымыздың алғашқы баптарының бірінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі екендігі көрсетіліп, мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтындығы жазылған. Сондай-ақ,  мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады делінген.

Бүгінде елімізің сот төрелігінде де мемлекеттік тілге қатысты мәселе жоқ емес. Себебі, «Құқық жүйесіндегі қазақ тілінің мәселелері және олардың шешу жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Өкінішке орай, сот процестерінің 70 пайызы орыс тілінде. Тіпті кей өңірлерде, мәселен, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы соттарында қазақ тілінің үлесі 5 пайыздан аспайды. Бұл жерде мәселе тек соттарда десек, қателесеміз», — деген еді Жоғарғы Сот төрағасы. Ең өкініштісі, сот залында өз тілін білмейтін өз қазағымыздың аудармашы көмегіне жүгініп, сот процесі барысында қазақтың бір-бірімен орысша тілдесуі болып отыр. Оның үстіне, заң жобаларының алдымен орыс тілінде дайындалатынын қосыңыз. Одан кейін барып қазақшаға аударылатындықтан заңнамалардың аудармасы сапасыз, қоғамға түсініксіз қалпында қалып отыр. Кейде қолданылған терминдердің өзі әр кодексте әртүрлі мағына беріп, заңгерлерді әбігерге салуда. Сондықтан, заңгерлердің көпшілігі көмегіне жүгінгендерге алдымен орысша үлгі беруге үйір-ақ. Бұл қазақ тіліндегі үлгінің жоқтығынан емес, қоғамдағы «орыс тілді заңгерлер адам құқығын жақсырақ қорғайды екен» деген көзқарастың қалыптасқанынан болса керек. Мұндай жаңсақ көзқараспен өзге тілде талап қоюын берген тараптардың сот процесі барысында орыс тілінде ойын еркін жеткізе алмай қиналатындығы тәжірибеде кездесіп жатады. Осылайша, қазақ тілін құқық жүйесінде өз деңгейінде қолданбау мәселесі туындап, қоғамның алдымен заңнамаларды қазақша емес, орыс тілінде жүгінуіне әкелуде. Себебі, оқырман орыс тіліндегі құжаттың оқылымы түсінікті әрі жеңіл екенін алға тартады.  Бұл мемлекеттік тіліміздің аударма тілдің күйін кешуге соқтырып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік органдар мен мекемелердің сотқа талап қоюларды орыс тілінде жолдауы қалыпты жағдайға айналып барады. Мұндай кемшілікті жою мақсатында өңір соттарынан мемлекеттік органдарға бірнеше рет қазақ тілінің қолданыс кеңістігін арттыру мақсатында салмақты хаттар да жолданғанын атап өткен жөн. «Ауруын жасырған өледі», — демекші, жоғарыда айтылған себептердің бәрі тәуелсіз елдің мемлекеттік тілінің адымын аштырмай келеді. Әрине, заманның ағымына сай тілдің бірнеше түрін меңгерген дұрыс. Алайда, Қадыр Мырза Әли атамыздың «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметтесін» ұмытпайық.   

Жалпы, сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы  берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының талап арыз  берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтайды. Егер, талап қоюшыдан тиісті жазбаша өтінішхат түскен жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді ұйғарым шығарылады. Тараптардың тең құқықтылығы қағидатын ескере отырып, сот осы мәселе бойынша жауапкердің де пікірін анықтауға міндетті.

Мемлекеттік тіліміздің тағдырын бүгін ойламасақ ертең кеш болуы мүмкін. Ақтау қаласының №2 сотында тіл мәртебесін арттыру мақсатында дөңгелек үстел, семинарлар өткізу дағдыға айналып, ішкі құжат айналымы 99,84 пайызды құрап отыр. Мемлекет басшысы «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде», — деген еді. Сондықтан, тіл мәртебесін көтеруге атсалысып, тіліміздің тұғыры берік болуы үшін біз селсоқтық танытпауға тиіспіз.

Рахымжан Бейсенов, Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерінің бұзылуы

Конституцияға сәйкес, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сотта...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты

Аумақтан тыс соттылық қағидаты әкімшілік сот ісін жүргізуде әділ...

ҚазҰУ студенттері өзекті мәселені дөңгелек үстелде талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық...

ҚазҰУ-да кедейлікті жою мәселесі талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде азаматтық құқық...

Жеке бас бостандығы Конституциямен қорғалған

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағыссыз құқықтары Конституциямен қорғалған,...