2003 жылы 19 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазір Түркістан қаласында тұрады, студент, болашақ заңгер. Нағашы әжесі Әселхан Қалыбекова. Екі тілде өлең жазумен айналысады, қазақ-орыс тілдеріндегі өлеңдерді аударма жасайды. Түркі әлемі жазушылары одағы мүшесі.
РУХ МҰНАРАСЫ!!
Қайғымен мұң арасын,
Айтумен жан наласын…
Өзіңді – жат тұтасың!
Рухыңның мұнарасын!!
Ішмерез, сұм – санасы,
Тоқ қарын, жоқ – шамасы.
Тот басқан, көкірек те…
Адамның бұл – шаласы!!!
Зеріккен, нұр ағасы!
Соғылған, жын қаласы!…
Тентекке – шен беріліп,
Қойылған – «Ар» бағасы!!
Жағалап, құн аралын!…
Паналап, зын қамалын!…
Аңсаумен – өз бағыңды!
Қылғаның, құл амалын!!
Жырлайды! Сақ данасы!
Қажыған! От-анасы!…
Өңеші үзілердей…
Жылайды! Бар баласы!…
- * *
Айттым өлең,
Ұқпас жанға.
Сөз қадірін
Кетіріп.
Жауып жала,
Арым таза.
Деме маған
Пендесіп.
Қайда барып,
Табынасың?
Пұт қожаңа
Мінгесіп.
Анық залым,
Бұған ерген,
Болды ездер
Теңдесіп.
Тектен кеткен,
Қаны безген.
Өз тінінен
Жиреніп.
Бас бақытын,
Артық көріп.
Кете барды
Сіңісіп…
НАРТУҒАН
Адастық қалай білмеймін,
Боранда жүріп шөлдеймін.
Назарды салшы Нартуған,
Оралып елге қайтадан!
Ғұрпым-ау қалай жұтылдық?
Өзіңмен бірге мұтылдық!
Күнімді, аспан, көгімді,
Өзгеге беріп ұтылдық!
Асынып біздік асылды,
Жаланбұт тайпа тасынды.
Үнімді, аспап, төрімді,
Құдайы қонақ басынды!
Таңбамыз айқыш, шаңырақ,
Байқасаң қорқып құл қашар.
Жасқанба қайта тағуға,
Бабадан қалған бұл мұра!
Өзімді кімге теңейін?
Былыққан тілде сөйлеймін,
Есімің, тегің мәнсіз деп,
Тұтылған әруақ кісенмен.
Ағызба теріс қаныңды,
Жоғалмас мәңгі жаның бар!
Өлген соң қайта күлінен,
Самұрық құсым тірілер!
Бір емес еді құбылаң!
Шартарап жерді сағынсаң!
Құлыптың кілті өзіңде,
Ақылмен таза қарулан!
ЖАМАЛЫМА…
Мөлдіреген көзіңнің жанарына,
Байланғанмын қапасыз қабағыңа.
Теңіз толқып жөнелтті аралына,
Арманыма жетермін – жамалыма.
Мендегі үн ешкімге естілмейді,
Бар ғалам бір өзіңді! Кескіндейді..
Қайда барып ғажабым, кімге налам?
Бұл әлемде өзіңсіз – қыл түспейді!
Ғажайыбым! Ғарышым! Шексіз жарым!
Қыр-сырыңды білмейді, міскін жаным..
Көгалданған далада – жыр төгіліп,
Таусылыпты ғамалым, мүшкіл халым.
Өксік-реніш шырмалып қылқынады,
Қара басып қабырға қысылады..
Дене байғұс! Құлдықты аңсамаған..
Тоқтам берсең, нәпсі де жығылады!
Жаратқанның тауымын басылған мөр!
Келбетіме қара да! Қырларын көр!
Мен көкірек емеспін, бұл тек мысал..
Өз бойыңды билесең – сенікі төр!!!
- * *
Шабыт сызып бейнеленсе нәзіктік,
Деміменен толықтырса тән ұйып.
Осылайша жаратады адам да,
Тәңірісі өнерінен нұр үзіп.
Шабыт сыры айқындалмас құдірет,
Санаға да тұрақтамас сағым леп.
Көзбен көріп танымассың әлемді,
Соқыр болса көкірегің ғафу ет.
Шабыт күйі шақырылмас толқындар,
Жарға ұрып қасіретті ақтарар.
Әлсіз тәнің еспен бірге жұтылса,
Жанмен жүзіп арпалысып шығыңдар.
Міне енді, қалам ал да жаз сырды,
Не ұмыттың? Неге сені ант ұрды?
Табиғаттың шабытына ілігіп,
«Не көрсін?» деп теңізіне батырды?
Туындыңа мән өрмесең өрнектеп,
Баралмайды нәрсіз тамыр тереңдеп.
Көп есектер масаттанған ұйқасқа,
Ақырғанын қайта тумас өлең деп.
Шабыт назы…