Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Өңірдің барлық мәселесі мен тұрғындарының мұң-мұқтажы оған жақсы таныс. Ол жаңа әрі жауапты қызметке өз білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдіміз», — деп жазды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жақсылық Омар туралы не белгілі?

Ол 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Ол әртүрлі лауазымды қызмет атқарған. Соның ішінде 2018 жылы 20 тамызда Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.