12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өңірлік кадрлық резерві — білікті мамандарға мүмкіндік

Мен, Мұқанәлі Асыл Бағдатұлы Алматы қаласының өңірлік кадр резервіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым салалық бағыты бойынша қабылдандым.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінде басшы лауазымында жұмыс істеймін.

Еліміздің барлық өңірлерінде алғаш рет кадрлық резервтерге іріктеу жүргізілу туралы әлеуметтік желілер арқылы білдім.

Президентіміз елге мемлекетті басқаруға белсенді қатысуға дайын, білімді, сыни ойлы патриоттар қажет екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

Бұл жобаның негізгі мақсаты өңірлік деңгейде жас басқарушылар пулын құру болғандықтан, Өңірлік кадрлық резерві жастарға өз әлеуетін іске асыруға бірегей мүмкіндік береді деп санаймын.

Өңірлік кадрлық резервінің іріктеуіне қатысу мен үшін маңызды қадам болды. Осы қадам арқылы мен өз мүмкіндіктерімді бағалауға, өз әлеуетімді ашуға және қоғамымыздың дамуына үлес қосуға тырысатын боламын.

Іріктеу маған мемлекеттік қызметте тиімді жұмыс істеу үшін терең білімді, жоғары моральдық және этикалық принциптермен үйлестіру қажеттілігін ашты.

Алматы қаласының өңірлік кадр резервшісі

А.Мұқанәлі

Семью погибшего коллеги навестили сотрудники УИС

Сотрудники учреждения √6 навестили семью Назарбека Токанова, сотрудника акмолинского...

Напарник с особым чутьем

Есть такие стражи порядка – специально обученные служебнорозыскные собаки,...

Под эгидой Союза судей

Cпартакиады среди судей проводятся в республике с сентября 2002 года....