12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өңірлік кадрлық резерв маған кәсіби-мансаптық мүмкіндік берді

Мен, Үскенбаева Айдана Мүталіпқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -дың «Маркетинг» мамандығы бойынша білім алып, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны аяқтадым. 

Қызметімді Мемлекеттік кірістер басқармасында бастап, қазіргі таңда Алматы қаласы Экономика басқармасы, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің бөлім басшысы лауазымына тағайындалдым. 

Салық саласында жұмыс істеу барысында салық төлеушілерді тіркеу, ақпараттарды өңдеу, мемлекеттік бюджетті салықтық түсімдермен қамтамасыз ету бойынша қызмет атқардым. Ал, қазіргі таңда Экономика басқармасында сол жиналған салықтық түсімдер ары қарай халық игілігіне жұмсалу жолымен таныстым.  Жұмысымның маған ұнайтын тұсы, экономикалық маңызы бар ақпараттарды беру. Мысалға, қала бойынша инфляцияның өсу динамикасы, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және т.с.с. экономикалық көрсеткіштерді айтуға болады. Мұндай ақпараттарды беру білімділікті,  дәлдікті және болжам жасай алу қасиеттерін талап етеді.  

Жалпы, еңбек жолымда түсінгенім, еңбектеніп, талаптанған жас мамандарға елімізде көп мүмкіншіліктер жасалған. Соның бірі, Өңірлік кадрлық резерв пилоттық бағдарламасы. 

Өңірлік кадрлық резерв маған кәсіби-мансаптық мүмкіндік берді, еліміздің болашағына деген сенімді оятты. 

Мемлекетіміздің қызметті жоғарылату жүйесі — кәсібилік, жауапкершілік және өнімділік сияқты объективті критерийлерге негізделгендігін дәлелдеді.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, болашақта жоғары жетістіктерге жетіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосамын деп ойлаймын. Осындай бағдарламалар арқасында көптеген жас мамандарға жол ашылып, өздерінің білімдері мен біліктіліктерін жүзеге асыруда.

Мен үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу – өз елінің дамуына үлес қосу мүмкіндігі ғана емес, көшбасшылық, жауапкершілік және топта жұмыс істей білу сияқты жеке қасиеттерді дамытуға мүмкіндік беру. 

Мұнда кәсіби дағдылар ғана емес, сонымен қатар, жеке моральдық принциптер маңызды.

А.Үскенбаева, қаласының өңірлік кадр резервшісі

Вина, подтвержденная неоднократно

Наркомания и наркопреступность разрушают жизнь любого человека, соприкоснувшегося с...

Под звуки нежные домбры…

Все больше ребят разных этносов берут в руки домбру...

Ясауи іліміне жаңа көзқарас: Түркістанда ғылыми дөңгелек үстел өтті

Түркі руханиятының темірқазығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи іліміне бүгінгі...

Призер международного уровня

Национальная сборная Казахстана показала высокие результаты в состоявшейся в...

Торжество искусства 

В г. Уральске в амфитеатре Центра им. Кадыра Мырза...