Өндірістік тәжірибе — болашақ маманның алғашқы қадамы

2025 жылдың көктем айларында «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінің 4-курс студенттері «Психология» мамандығы бойынша Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №21 мекемесінде өндірістік іс-тәжірибеден өтті.

Тәжірибе жетекшісі, тәжірибелі маман — практик-психолог Оразбаева Әсемгүл Оралбекқызы, студенттерге мекемедегі ерекше контингентпен — сотталған азаматтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, психологиялық қолдау көрсету саласында нақты тәжірибе берді.

Тәжірибе барысында студенттер:
• Сотталғандардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында тереңдетілген психодиагностикалық зерттеулер жүргізді;
• Жеке және топтық психокоррекциялық жұмыстар (арт-терапия, МАК-карталар, шеге әдісі) өткізді;
• Психологиялық мінездемелер мен қорытындылар жасауды меңгерді;
• Мекемеде өткізілген тәрбие және мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, соның ішінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын ұйымдастыру мен өткізуге үлес қосты. Бұл еңбектері үшін бірқатар студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

Кәсіби дағдыларын шынайы ортада қолдану студенттер үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Бірқатар студенттерге мекеме тарапынан болашақта жұмысқа қабылдау туралы ұсыныстар да түсті.

Практика нәтижесінде студенттер ерекше аудиториямен жұмыс жасаудың маңыздылығын түсініп, болашақ психолог маман ретіндегі кәсіби бағыттарын нақтылай түсті. Мұндай тәжірибе — олардың кәсіби жолындағы сенімді алғашқы қадамдарының бірі.

Ресми ортада қазақ тілінің қажеттілігі артуы тиіс

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап тіл мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес....

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің басты қағидаты

Тіл – әрбір халықтың ең асыл қазынасы, ұлттық болмысы...

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – ортақ міндет

Балалардың құқықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі....

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...