Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында  «Алғыс айту» күніне арналған іс-шара өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында  «Алғыс айту» күніне арналған іс-шараға Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Е.Байназаров қатысты

 Аталған іс-шараға басқа да мелекеттік мекеме басшылары мен өкілдері қатысты.

Бұл мерекенің мақсаты өскелен ұрпақтың бір-біріне құрмет пен достық сезімдерін тәрбиелеу,сондай-ақ Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту болып табылады.

Тәрбиеленушілер жиналғандардың барлығына өте жоғары деңгейде театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарлама ұсынып, концерттік бағдарлама соңында жиналғандар орындарынан тұрып, қызу қол шапалақтады. Сөз алған ювеналды соттың судьясы Д.Е.Байназаров «Алғыс айту күні» – ерекше мереке, қазақстандықтардың достық пен өзара көмектің шынайы құндылықтарына деген бірлігі мен адалдығының нағыз символы екенін атап өтті.             

Іс-шара соңында Д.Е.Байназаров балаларға тәттілер сыйлап, ең бастысы денсаулық, бұлтсыз ашық аспан, бақытты балалық шақ тіледі.  

     Өз тілшіміз

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...