Ономастикалық комиссия жаңа облыстар атауын мақұлдады

Бүгін мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті. Отырыста жаңа облыстардың атауы мақұлданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ведомство мәліметінше, шараға комиссия мүшелері, оның ішінде Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Комиссия отырысы аясында Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары әкімдіктерінің жаңадан құрылған Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарына атаулар беру туралы ұсыныстары қаралды. Сондай-ақ, мемлекет меншігіндегі жекелеген нысандарды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларындағы көшелерді қайта атау мәселелері қаралды.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар әкімшілік-аумақтық өзгерістерді атап өтті. Олардың барлығы терең экономикалық негіздемеге ие, орасан зор мультипликативтік әсері бар. Дегенмен ең бастысы-қоғамдық пікірді ескеру маңызды. Енді Қазақстанда өз  облыс орталықтары бар жаңа облыстар пайда болады. Атап айтқанда, Семей қаласы жаңа Абай облысының орталығына, Жезқазған жаңадан құрылған Ұлытау облысының  орталығына айналады, осындай өзгерістер Алматы облысына да қатысты», — деді министр.

Кез келген қаланы, елді мекенді немесе көшені қайта атау ономастика саласын реттейтін заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Комиссия келіп түскен ұсыныстарды қарайды және қорытынды береді. Оң қорытынды болған кезде қайта атау туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері әкімдіктердің ұсынысын мақұлдады. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес одан әрі жұмыс істеу үшін облыстардың әкімдіктеріне жіберілетін болады. Бұған дейін республикалық ономастика комиссиясы Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы оң қорытынды берген болатын.

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...