12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Онлайн сот отырыстары цифрлы жүйе арқасында оңтайлы өтуде

Карантин кезінде де сот саласындағы сот үдерістері саябырсымады десек те болады. Тәулігіне 2000-ға жуық істі онлайн қараған судьялардың жүктемелері азаймады. Барлық қоғам онлайн жүйе арқылы жұмыс істеп жатқан төтенше жағдай кезеңінде талап арыздар мен өтінішхаттардың жолдануын тоқтата тұру туралы Судьялар корпусының хабарламалары мен түсіндірмелеріне қарамастан «сот кабинеті» арқылы келіп түсетін істердің қатары толастар емес.

Яғни осындай қысылтаяң шақта, дәрігерлер мен құқық қорғау орындары қызметкерлерінің қызметіне қоса сот саласы мамандарының да маңыздылығы артқанын байқадық. Судьялардың 70% қашықтықтан жұмыс істеуге көшсе де, толыққанды сот төрелігін жүзеге асыруға атсалысуда. Нәтижесінде сот процестері «TrueConf», Zoom, Skype, WhatsApp және басқа да байланыс құралдарының көмегімен онлайн-режимде бейнебайланыс арқылы өткізілуде. Осы орайда атап өтер жайт осыдан бірнеше жыл бұрын сот саласының цифрлы жүйеге өтіп, заманауи озық технологияларға көшуі, бүгінгі күні сот отырыстарын онлайн өткізуге барынша ықпал етуде. Яғни соттар тарапынан ауыстырылуы немесе кейінге қалдырылуы мүмкін емес істер мүмкіндігінше қашықтықтан қарау әдістері арқылы цифрлы жүйенің көмегімен жүзеге асуда.

Ал көп құрамдағы адамдар қатысатын ауқымды, күрделі істер бойынша процестік мерзімдері шегеруге келетін істерді кейінге қалдыру ұсынылуда. Сот процесіне қашықтан қатысуға ниет білдірген әрбір қатысушының тыңдалатынына кепілдік беріледі. Бұл ретте қашықтық режимінде өтетін сот процестері бойынша сот отырысының электронды хаттамасы толтырылып, аудиобейнежазбасы жүргізіледі. Дәл қазіргі таңда онлайн жұмыс істеу уақыт талабы болған кезеңде сот саласының қалыптасқан жағдайға тез бейімделе алуы халықты қуантуда. Атап өтер жайт, өкінішке орай, қоғамда «дау тек сот арқылы шешіледі» деген көзқарас қалыптасқан. Осы орайда тараптарға дауды медиация арқылы шешудің де маңызы зор екенін ескертеміз. Даулы мәселеңіз жылдам, денсаулыққа қауіпсіз, сапалы шешілсін десеңіз, бұған дейін халыққа көп айтылып, ұсынылып жүрген, тиімділігі дәлелденген медиация, келісім жасау, арбитраж, басқа да дауларды соттан тыс шешу тәсілдерін қолданып көруге тырысқан жөн. Уақытты, қаражатты барынша үнемдейтін бұл әдістің карантин кезінде маңыздылығы артқанын байқап отырмыз. Өйткені төтенше жағдай, дауласатын емес, керсінше дауды алыста отырып-ақ тиімді шешетін кезең.

Т.Ш. Шакиров, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының судьясы

Медиация – дауды шешудің ең тиімді жолы

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексте татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді...

Мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолданылуы

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу Қазақстан Республикасындағы...

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

     Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы....

Медиация в Казахстане: современный механизм разрешения споров

Понятие медиации Медиация — это форма альтернативного урегулирования споров с...

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану

Елімізде мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып,...