12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Онлайн алаяқтық өршіп барады

Соңғы кездері онлайн қызмет пен заманауи ақпараттық технологияның өмірімізге дендеп енуімен бірге осы саланың алаяқтарының да көбейі бара жатқаны байқалады. Құқық қорғау орындары да заманауи дамыған технологияның көмегімен жасалатын алаяқтықтың жаңа түрлерінің белең алып бара жатқанына алаңдаулы.

Атап айтар болсақ, төлқұжат пен жеке тұлғаларға берілетін сандық код-ЖСН арқылы жеке мәліметтерді-деректерді пайдаланып несие рәсімдеу, жеке тұлғалардың ұялы телефонынан телефон нөмері арқылы жүктелген Банктік есеп шоттарынан аударым жасау арқылы қаражаттарды ұрлау, әлеументтік желідегі сату-сатып алу хабарламалары арқылы ұрлау, жалға алған тұрмыстық техникалар мен ойын құрылғыларын кепілге тапсырып қаражаттар жымқыру, заманауи техникаларды пайдаланып жалған құжаттар жасау секілді қылмыс түрлері қоғамда кең тарап барады.

Алаяқтық қылмысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабымен сараланады. Келтірілген залалдың көлеміне, қылмыстық жасалу тәсіліне және қылмыс жасаған азаматтың жеке басына қатысты мәліметтері назарға ала отырып қылмыскерлер әртүрлі жазаға тартылуы мүмкін. Аталған баптың санкциясына қарай айыппұл салудан басталып он жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазалары көзделген.

Азаматтардың өздері жеке дербес мәліметтеріне, жеке құжаттарына салғырт қарап, танымайтын адамға бере салуының өзі құқықтық сауатсыздыққа жатады. Тіпті, басқа адамның «қоңырау шалып алайын» деген өтінішіне ұялы телефонды бере салудың өзі қауіпті. Алаяқтар азаматтарға телефон арқылы хабарласып, неше түрлі құйтырқы әдістермен алдап кетіп жатады. Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба алған кезде берілетін құпия сөз барлығына бірдей болады. Алайда азамат оны өз қалауынша өзгертіп ала алады. Бірақ көбісі оны өзгертуді ұмытып кетеді немесе қалай өзгерту қажеттігін білмейді. ЭЦҚ бар флешка немесе компьютерде сақталған құпия сөз біреудің қолына түсетін болса азаматтың жеке мәліметтерін біліп алу өте оңай. Сондай-ақ қазіргі таңда жұмыс жасап отырған үлкен сауда орталықтарында несие рәсімдеу арқылы тауар сатып алуды әдетке айналдырғандар да алаяқтардың құрбаны болып жататын жағдайлар жеткілікті. Осындай жағдайларды пайдаланып алаяқтар несие рәсімдеу, интернет арқылы сауда жасау, жалға мүлік алу сияқты алаяқтық әрекеттер жасайды. Сондықтан алаяқтықтың алдын алу үшін кез келген жан ең алдымен өзіне сақ болғаны жөн.

Даурен Маукеев, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының судьясы

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...

Алаяқтың арбауына түспеңіз!

Қаржы алаяқтарының айла-амалдары күн өткен сайын күрделеніп барады. Олар...

Талап қоюдың тәртібі

Ел Президенті өзінің халыққа арнаған әрбір жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, сот...

Тәуелсіз елдің тарихи бастауы

БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. БҰЛ АЗ УАҚЫТ...