Оңтүстік Кореяда қазір қанша қазақстандық бар?

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Кореядағы отандастарымызға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бақаев Қазақстан басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайтынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының дипломатиясы — ешқашан басқа елдердің ісіне араласпау. Оңтүстік Кореяда болып жатқан оқиғаның бәрі — Оңтүстік Корея мәселесі. Біздің бүгінгі басты міндетіміз – елден тыс жерде азаматтарымыздың құқықтарын барынша қамтамасыз ету», — деді ол Мәжілісте өткен брифингте. 

Сыртқы істер министрлігі басшысы орынбасарының айтуынша, қазір Оңтүстік Кореяда 30 мыңнан аса қазақстандық бар.

«Оңтүстік Кореяда болып жатқан жағдайға қарамастан, Қазақстан азаматтары елшіліктен көмек сұраған жоқ. Егер жүгінсе, елшілік барлық қажет қолдауды көрсетеді. Олардың санының көп болуы — визасыз режим. Оңтүстік Кореядан да, Грузиядан да зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ», — деп қосты ол.

Сондай-ақ Әлібек Бақаев онда тұратын қазақстандықтардың Оңтүстік Кореядан кетудің қажеті жоқ екенін түсіндірді:

«Оңтүстік Кореядағы елшілік мұндай кеңес бермеді, тағы қайталап айтайын, Оңтүстік Кореяда болып жатқан жағдай әскери жағдай емес, бірақ олар әскери жағдайды енгізуге тырысты. Әрбір азамат елден кету-кетпеуді өзі шешеді», — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталып, көшелерде әскери техника жүргені хабарланды.

Кейінірек Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

Қазақстан азаматтары төтенше жағдай кезінде жедел байланыс үшін мына нөмірлерге хабарласа алады: +8210-6572-9311.

Одан кейін Оңтүстік Корея президентінің аппараты отставкаға кеткені белгілі болды. 

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.