12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

Әкімшілік істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің 12-тарауында көзделген.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді жүзеге асыру тәртібі қарастырылған, яғни хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.

Оңайлатылған әкімшілік рәсімді мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға және олардың лауазымды адамдары осы бөлімде белгіленген тәртіппен, осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен асырады.Оңайлатылған әкімшілік рәсімнің мақсаты үшін мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға және олардың лауазымды адамдарына хабарлама,ұсыныс, үн қосу немесе сұрау салу жіберген тұлға арыз иесі деп түсініледі.

Оңайлатылған әкімшілік өндіріс – істерді жылдам қарау және әр-түрлі субъектілер үшін өндірістің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылатын әкімішілік іс жүргізу түрі. Оңайлатылған әкімшілік іс жүргізудің қарау объектісі фактілік-құқықтық тұрғыдан күрделі емес істер болуы мүмкін және олардың түрі әдетте арнайы ережелерде сипатталған.

Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі:

1) хабарламаның, ұсыныстың, жауаптың, сұрау салудың мәні туралы ақпаратты қоса алғанда, жауап беру;
2) ескертпе алу;

3)оңайлатылған әкімшілік іс жүргізуді тоқтату.

Әкімшілік органдардың өтініштерін қарау тәртібін жеңілдету мақсатында әкімшілік акт қолайлы және ауыртпалық (негативті) болып бөлінеді.

Ауыр әкімшілік акт деп орындаудан бас тартатын, әкімшілік процеске қатысушының құқығын шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін немесе оның жағдайын өзге де түрде қиындата түсетін әрекет түсініледі.

Ынғайлы, өз кезегінде, әкімшілік іс жүргізуге қатысушының құқығын жүзеге асыратын немесе оған жүктелген міндетті, сондай-ақ оның жағдайын басқа жолмен жақсартатын әрекет.

Әкімшілік актілердің ұсынылып отырған саралануы қолайлы әкімшілік актілерді қабылдау кезінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді, өйткені бұл жағдайда қабылданған акіні міндеті негіздеу бойынша ӘПК талаптарын сақтау, өтініш берушіні тыңдау қажет емес әкімшілік акт, әкімшілік актіні қабылдау үшін дәлелдемелер мен материалдарды жинау.

Сонымен,оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен сот толық немесе ішінара емес деп таныған немесе оған негізделген және одан туындайтын нормативтік құқықтық актінің мазмұның қайталайтын және заңды күші аз нормативтік құқықтық актілерге шағым жасау туралы талаптар қарастыруға болады. Сонымен қатар, дәл сол тәртіппен бұрын күші жойылды деп танылған нормативтік құықытық актіні мәні бойынша бірдей деп тану туралы сот шешімінінеңсеру мақсатында қайта қабылданған нормативтік құқықтық актіні даулау талаптары енгізілді.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г.А.Ерназарова

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...

Почему нам нужны государственные центры медиации?

Считаю, что давно назрела необходимость создать государственные центры медиации...