12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қонаев рухына тағзым

Бүгін Талдықорған жұртшылығы мемлекет және қоғам қайраткері, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхаммед  Ахметұлы Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ескерткіш басында сөз алған Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кеше елордадан сүйінші хабар жеткенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаев есімі берілді.

Осыған орай, біртуар тұлғаның құрметіне арналған еске алу шарасы өткізіліп отырғанын атап өтті.

Сол сияқты бүгін Талдықорған қаласында арнайы ғылыми–практикалық конференция өткізіледі. 

— Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгеруі Дінмұхамед Ахметұлының елге сіңірген қызметіне, қаланың негізін салушы ретіндегі ерен еңбегіне берілген лайықты баға деп білеміз.

Бұл – тарихи әділдік. Есімі аңызға айналған ардақты тұлғаны халқы ешқашан ұмытпайды, — деді Қанат Бозымбаев.

Биыл Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толып отыр. Жыл басынан бері осы мерейлі датаға орай облыста атаулы іс-шаралар өтті.

Алдағы 8 мамырда Қонаев аталуына байланысты сол қалада зиялы қауымның қатысуымен мерекелік шара ұйымдастырылады.

Өз тілшіміз.

Алматы облысы.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...