Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды

Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы Алматыда коронавирус жұқтырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған.

«Бүгін, 14 қаңтарда арнайы бригада оларды коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Онда кіруге болмайды. Маргарита Владимировна Олжасқа қарағанда ауыр халде. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысып жатыр, бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен олардың қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға айтарлықтай себеп жоқ, ем қалыпты жүріп жатыр», — деп жазды Ғабдуллин.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус жұқтыруына байланысты ауруханаға жатқызылғанын растады.

«Олжас Сүлейменов пен жұбайы РВ-90 ауруханасына жатқызылды. Олардан коронавирус анықталды. Алайда ерлі-зайыпты қазір жазылды. Ертең, 15 қаңтарда олар аураханадан шығарылады», — деді басқарма өкілдері.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...