Олжас Бектенов шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді

Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша проактивті инвестициялық саясатты енгізу жұмыстары жүргізуде. Жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық трансформация ұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындалды.

Beeline Kazakhstan холдингінің президенті Евгений Настрадинмен кездесу барысында Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын одан әрі дамыту, сондай-ақ еліміздегі VEON Group бірлескен жобаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Beeline Kazakhstan-ның 11 миллионнан астам абонентке қызмет көрсетудегі үлесі және цифрлық инклюзия мен цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі бастамаларға қатысуы атап өтілді.

Сонымен қатар, 50-ден астам тұрғыны бар ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік инвестициялық жобаның іске асырылуы талқыланды.

Премьер-министр атап өткендей, үкімет алдағы жобаларды іске асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайын. Кездесу қорытындысы бойынша салалық министрліктерге айтылған ұсыныстарды, соның ішінде жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді қолданатын жаңа инновациялық жобаларды пысықтау тапсырылды.

Beeline Kazakhstan шетелдік қатысуы бар ірі салық төлеушілер рейтингінде 13-орынды иеленеді. 2024 жылы бюджетке аударылған төлемдер көлемі 52 млрд теңгеден асты. 2025 жылдың 9 айында компанияның күрделі шығындары 68 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 40%-ға жоғары. Инвестициялардың тұрақты өсімі байқалады – бұл көрсеткіш жыл сайын 20–30%-ға артып отыр. Соңғы бес жылдың өзінде оператордың елдің цифрлық инфрақұрылымына салған жалпы инвестиция көлемі 370 млрд теңгеден асты. Осылайша, компания цифрлық қызметтерді тұтынудың үздіксіз өсуі аясында байланыстың жоғары сапасын қамтамасыз етіп отыр.

Цифрландыру саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі – 2025 жылы Қазақстанда алғаш рет елдің бүкіл аумағында қосымша құрылғыларды қажет етпейтін, жерсеріктік байланысты қамтамасыз ететін Direct to Cell технологиясының сынақтан өткізілуі болды. Жобаны Beeline Kazakhstan компаниясы ҚР ЦДИАӨМ қолдауымен Starlink-пен бірлесіп іске асыруда. Бұл технология цифрлық теңсіздікті жоюдың және ұлттық байланыс желісінің тұрақтылығын арттырудың қосымша құралы ретінде қарастырылады. Мұндай бастамалардың жүзеге асырылуы Beeline Kazakhstan-ның цифрлық инфрақұрылымды дамытудағы және елдің технологиялық әлеуетін нығайтудағы стратегиялық рөлін айқындайды.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...