Олжас Бектенов Beeline Kazakhstan компаниясымен цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады

Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша проактивті инвестициялық саясатты енгізу жұмыстары жүргізуде. Жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық трансформация ұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындалды.

Beeline Kazakhstan холдингінің президенті Евгений Настрадинмен кездесу барысында Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын одан әрі дамыту, сондай-ақ еліміздегі VEON Group бірлескен жобаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Beeline Kazakhstan-ның 11 миллионнан астам абонентке қызмет көрсетудегі үлесі және цифрлық инклюзия мен цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі бастамаларға қатысуы атап өтілді.

Сонымен қатар, 50-ден астам тұрғыны бар ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік инвестициялық жобаның іске асырылуы талқыланды.

A group of people sitting at a table

AI-generated content may be incorrect.Премьер-министр атап өткендей, үкімет алдағы жобаларды іске асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайын. Кездесу қорытындысы бойынша салалық министрліктерге айтылған ұсыныстарды, соның ішінде жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді қолданатын жаңа инновациялық жобаларды пысықтау тапсырылды.

Beeline Kazakhstan шетелдік қатысуы бар ірі салық төлеушілер рейтингінде 13-орынды иеленеді. 2024 жылы бюджетке аударылған төлемдер көлемі 52 млрд теңгеден асты. 2025 жылдың 9 айында компанияның күрделі шығындары 68 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 40%-ға жоғары. Инвестициялардың тұрақты өсімі байқалады – бұл көрсеткіш жыл сайын 20–30%-ға артып отыр. Соңғы бес жылдың өзінде оператордың елдің цифрлық инфрақұрылымына салған жалпы инвестиция көлемі 370 млрд теңгеден асты. Осылайша, компания цифрлық қызметтерді тұтынудың үздіксіз өсуі аясында байланыстың жоғары сапасын қамтамасыз етіп отыр.

Цифрландыру саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі – 2025 жылы Қазақстанда алғаш рет елдің бүкіл аумағында қосымша құрылғыларды қажет етпейтін, жерсеріктік байланысты қамтамасыз ететін Direct to Cell технологиясының сынақтан өткізілуі болды. Жобаны Beeline Kazakhstan компаниясы ҚР ЦДИАӨМ қолдауымен Starlink-пен бірлесіп іске асыруда. Бұл технология цифрлық теңсіздікті жоюдың және ұлттық байланыс желісінің тұрақтылығын арттырудың қосымша құралы ретінде қарастырылады. Мұндай бастамалардың жүзеге асырылуы Beeline Kazakhstan-ның цифрлық инфрақұрылымды дамытудағы және елдің технологиялық әлеуетін нығайтудағы стратегиялық рөлін айқындайды.

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...